Бәз біреулер: “Дос жоқ қазір!” немесе “Достардан айырылдық” деп жатады. Ең алдымен сол Дос деген атаудың мән-мағынасына үңілген абзал болар. “Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.” делінген екен бір түсініктемеде. Осындай қадамға өзің әзір болмай тұрып, оны өзгеден қалау мүмкін бе! Біздің санамыздан бозбала шақтағы үлпек сезімның қылаңы еш кетпейтін тәрізді. Шынайы Достық дегеніміз сол ерте көктемдегі ғұмыры қысқа әдемі қанатты көбелектерге ұқсайды. Рас, ол кезде бір-біріміз үшін жан беруге де дайын едік. Бірде біліп, бірде білмей талай қиянаттар жасалып жатса, енді бір кезекте жаныңдағы жақын дегеннің өзі әдейілеп асты арамдағандай, сезім тұнығын алалап кетеді… Жалпы “Дос жоқ” деп айтар кездің де өз межесі бар сияқты, есейдің, төселдің, тітіркендің… Сен іздеген Достық сезім ол да өзің сияқты сол өткелдерден өтті, өзгерді, өлі тері жамылды… Ендігі сенің қайраның бұйыртса Жолдас, не Замандас, қала берді Көзкөрген ғана…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here