Соғыстан соңғы жылдар…

. Соғыс жылдары, кейін де, елдің жағдайы
айтпаса да өте ауыр болды…
Біз онда баламыз, жағдайымыз нашарлап
кеткесін қарт ата-анамыз бір отар қойға ие болып,
жердің түбіне көшіп барды. Бір отар қошқар алды.
Бірде-бір мал шығыны болмау керек, сотталасың.
Болған жағдайда мал өлігін құс-қарадан сақтап,
айлап, қашан келетіні белгісіз
ауылдан келетін “госкомиссияны” күту керек.
Өліктен айрылсаң да сотталасың. Үйдің маңынан
биіктеу ағаш қазыққа өлген қойды іліп,
сыртын шимен қоршай бекітіп, күндіз-түні қатты
қадағалауда ұстайтын.
Сонша малдың ішінде отырып, көжесінде қатық жоқ,
бірқилы заман болды… 
Біз аштан өлмесін деп, бір қой өлетін немесе
апамыз бір қойды өлтіретін, өлтіргенде де
ерекше іріреуі қойды «өлтіретін.»
Енді «мал болмайтын» қойдың
аяғын буып, тамағының терісін ұзыннан тіліп,
сосын бауыздып, қаны толық аққанан кейін өз
жүнімен тұз құйып тігіп тастайтын.
Өкпе-бауырын, ішек-қарнын түгел алып,
малдың барлық дене мүшелерін ет пен тері
арасын қуалай отырып тұздап шығатын.
Ішін тұздап тігіп тастайтын, құйрық майын түгел
сылып алып, шөппен тығындып, құммен құйрық
жасап қоятын.
Біз отырған жерден едәуір қашықтау тұзы 
бар жер болды, жаңбырда су жиналып кішігірім
көлшікке айналатын, содан қапшықтап тұз жинап,
үйдің маңына жерден шұқыр қазып жинайтын едік…
Комиссия акт жасағаннан кейін өлікті газикке тиеп
алып, бірнеше қырдан асқасқасын лақтырып
кететінін Апам білген. 
… Белгілі уақыт өткеннен кейін өзі бастап, газиктің 
ізімен жүріп отырып, малды тауып алып, жіліктеп,
дорба-дорбаларға салып үйге келетінбіз…

Міне біздің балалық шақ аштықтан солай құтылған…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here