Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарды жуынатын суы жоқ, төсегі ескі-құсқы шипажайларға емделуге жібереді екен. Ал, ол жолдаманы алудың өзі қиямет көрінеді. Тіпті, кейбір аймақта мүгедектікті растайтын анықтаманы алу үшін долларлап ақы сұрайтын болып шықты. Астанада Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің қоғамдық қабылдауында мүгедек азаматтар осындай мәселелерін жайып салды.
Мінберлерде «мүмкіндігі шектеулі жандарға барлық жағдай жасалып жатыр» дейтін министр шынайы ахуалдың шет-жағасын сезгендей болды. Астаналық Жұмабай Шүйтенов мүгедектігі үшін берілетін тегін шипажайға көңілім толмайды деп турасын айтты.

– Қотыркөл дегенге береді. Барамыз. Онда су да жоқ, ваннаға да түсе алмайсың. Ал төсек-орны қарасаңыздар, 41 жылғы соғыстан қалған сияқты, – дейді ІІ топтағы мүгедек Жұмабай Шүйтенов.

Ақсақалдың айтуынша, шипажайды таңдай алмайды екен. Тендерде ұтып, әкімдік бекіткен жерге баруға мәжбүр көрінеді. Министр бұл мәселені қойын дәптеріне түртіп алды.

Айтылғандар министрдің көзін ашып, көңілін түсірген сияқты. Бұл салада бәрін бастан-аяқ өзгертеміз деп салды.

– Көкшетауға қатысты айтқан факттерді арнайы құрылған комиссия тексеретін болады. Соның негізінде лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады. Жалпы айтпағым, біз бұл бағытта реформа жасап жатырмыз, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова.

Министрдің реформа дегені – бұдан былай мүгедектікті растау үшін медициналық әлеуметтік сараптауға барудың қажеті болмайды екен. Яғни, науқастың жағдайын анықтамаларға қарап, сырттай шешім қабылданбақ.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here