Әсер деген бір ғаламат сөз бар. Оның жағымды жағын былай қойып: «Өлім әсері, бейнет әсері» дегендерін салмақтап көрелік. Тегі, әсерге ұрынар алдында адамға расында бір нәрсенің әсері ықпал болар. Мысалы: барлық пен мансап та сол әсердің қатарында. Артық дүние мен менсінер тең қалтырмайтын мансап – адам санасын апиындай мұнартып, ет пен сүйектен жаралған пенделігіңді ұмыттырып, өзге әлемге әкетеді. Бұндай күйге душар болған адам өзінің жасаған ісіне ешқашан да басымен жауап бере алмайды. Себебі, бұның бәрі бассыз кетудің кесірінен. Ал жауапқа тартылған сол – кешегі пысынан жұрдай болып, жер бетіндегі ең аянышты жәндікке айналғанын көргенде оны жазғырар, жазғырмасыңды білмей дал боласың. Осындайда: «Япырай… » деп ана міскінді жәй ғана мүсіркеп, табалауға дәтің жетпей саныңды соғасың. Қазақта: «Асқанға – тосқан» деген қатал мәтел бар. Бұл жалғанда әсер көп-ақ, соның бәрі тесік өңешті пендеге күнделікті сын. Жаратушының құдіреті мен шеберлігіне шек жоқ. Бүкірдің белін қабыр топырағы ғана түзетер деп налысақ, Алла қаласа – көз алдыңда-ақ бақырайтып, қайқайта салады. Жазасыз кеткен қылмыс болғанымен, Алла жазасын бермес пенде болмас.  


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here