Бір әншінің не кигені, жегені, жүргені, бүй дегені, қатыны, көңілдесі, иті, мысығы бізге керек пе? Маған бес тиын керек емес. Біреудің жеке өмірін сонша талқылап шулайтынымыз өкінішті-ақ! Мына ақпарат құралдары соңғы жылдары елді өсекке әбден үйірсек етті. Елдік, ұлттық мәселелерді, білім-ғылым, өркениет, технологияны қозғаудың орнына ақпарат құралдарының көбі осындай тақырыптарға әуес. Елдік мұрат – бір адамның тағдырынан биік емес пе. Өтірік, өсекпен мемлекет дами ма? Доллар өсті. Жаппай қымбатшылық. Себебі, шет елден келетін тауарлардың барлығы доллармен есептелініп келеді. Билік үнсіз. Ақпараттық сауатты талдау жоққа тән. Оларға бәрібір. Бірнеше адамның шырылдағаны болмаса халық та үнсіз. Кейбіреуі менде доллар жоқ, “маған бәрібір” дейді. Ең жаман сөз – осы. “Маған бәрібір” деген. Менде де доллар жоқ. Бірақ, маған бәрібір емес. Неге біз, бай мемлекетте отырып, кедей өмір сүруіміз керек? Болашағымызға сенсек, ұрпағымыз бақытты өмір сүрсің десек, кез-келген ситуацияға бей-жай қарамауымыз керек.