Не пайда:?

Езулік күлкі бермесе,

Байлығыңнан не пайда!?

Шуылдап соңы өсек бар,

Шайлығыңнан не пайда!?

Үймелеп бір ай бола алмас,

Жұлдызыңнан не пайда!?\

Өзі туып, өзі өскен,

Ұл – қызыңнан не пайда!?

Көре алмаса ағайын,

Сыйласқаннан не пайда!?

Дос дегенің жау болса,

Сырласқаннан не пайда!?

Мансабыңа малданып,

Лепіргеннен не пайда!?

Басыңның құны кеткен соң,

Көмектеспес – Құдайда!

Өзің істей алмаған,

Істі өзгеге бұйырма!

Бұйырғанда бармаған,

Өзің барсаң қиын ба!?

Табаласа дұшпаның,

Сабырыңды дана тұт!

Жақсылық қылса бәз біреу,

Айырылмастай «аға» тұт!7

Абзалы жалғыз – бәйтерек,

Өмірің сенің, соны ойла!

Қамданып қал ертерек,

Жағамын десең – Құдайға!.

2016 ж

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here