11 қыркүйек күні кей елде Жаңа жыл мерекесі, кей жерде ұстаздар күні мерекеленеді. 2000 жылдан бастап осы күн Дүниежүзілік әкелер күні болып бекітілді

Дүниежүзілік әкелер күні

Атаулы мереке 2000 жылы 11 қыркүйекте Украинаның бастамасымен бекітілді. Мерекені алғаш рет Нидерланды, бірнеше жылдан кейін Жаңа Зеландия, 2013 жылы – Бразилия елдері қолдап, атап өтетін болды.

Жаңа жыл

Бүгін Мысыр христиандары мен копттардың жаңа жылы. Бұл мерекені Копт шіркеуі жаңа жыл санауы бойынша атап өтеді. Эфиопияның Жаңа жылы Нөсер жауынның аяқталуы мен егін жинау мерзімінің басталуына тұспа-тұс келеді.

Патриоттар күні

11 қыркүйек – АҚШ-та патриоттар күні. Атаулы күн 2001 жылғы Нью-Йорк және Вашингтон қалаларында болған лаңкестіктің салдарынан қаза болғандарды еске алу мақсатында бекітілген.

Мұғалімдер күні

Бүгін Аргентинада ұстаздар мерекесі. Ұлы ағартушы, елдің бұрынғы президенті Доминго Фаустино Сармьентоның (1811-1888) қайтыс болған күніне байланысты жыл сайын атап өтіледі.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here