Бағаналы Орда, басты Орда!

Мысыр да емес, Парсы да емес, Иран да,

Ей, көңілім бос қиялға иланба!.

Кейбіреуге олар қызық көрінер,

Бірақ, маған сендей бақыт қыйған ба?!

Қажет емес Паран маған – Мумбай да

Өз Отаным, Өз Астанам ұнайды.

«Мың бір түннің» сыйқырымен әрленген

«Зүмрід шаһар» осы ғана сыңайлы…

Зәмзәм оның ауасы да, суы да,

Көз тастаймын желбіреген туына.

Қайнап жатқан тіршіліктің белгісі

Құлақ түрем бір басылмас шуына..

Әдемідей барлығынан жердегі,

Пирамида жалғыз мына сендегі!.

Параондар онда өріп жүрген жоқ,

Ол бақытты мына ұрпақтың ермегі.

Анау жерде биік, зәулім – Бәйтерек,

Көру үшін көңілдегі көз керек.

Қиралаңнан жыйнақталса Паран, тек

Астананың өз тағдыры бір бөлек..

Одан көрдім армандарын қазақтың

Шұғылада бара жатса тарап күн.

Содан көрдім, керегемнің керіліп

Тереземнің теңелгенін – Азат күн!

Содан байқап бейбіт елдің тағдырын,

Тарихымның жатқандығын жаңғырып.

Содан көрем Елбасының бейнесін

Кемелінен өткізетін барлығын!.

Астана тұр, талпынбаймын Дубайға

Дубайыңды көріп жүрмін былайда

КүндІЗ -түні тілек айтып келемін,

Халқымды аман қыла гөр, деп – Құдайға!.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here