Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20 қыркүйегінде Елбасының «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша мен насихаттауға арналған «Сандық Қазақстан – экономиканың жаңа моделі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.

Жиынға оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры, с.ғ.д. Шәріпбек Әмірбеков,  Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Халықов Қабыл Заманбекұлы және «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы өкілдері, академияның оқытушы-профессорлар құрамы қатысты.

Қазақстандағы ұлттық өнерді дамыту,  оның  тарихи  көрінісі, бүгіні туралы жалпылама  терең түсінік беру,   ұлттық өнердің  сәндік үрдістерін көпшілікке танытыру, шығармашылықтағы  ұлттық сарындарды дәріптеу рухани жаңғыру негізінде жатқанын кеңінен талқылап әңгімелеп берді. Сондай-ақ Елбасының  рухани жаңғыру аясында болашақ ұрпақтың   көркемдік эстетикалық танымын арттыру, санасын жаңғырту еді»  деп айрықша атап айтқаны бүгінге өткізілген іс-шараның негізгі мақсаттарын айқындап тұрғандай.       

Шара  барысында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің магистранты, фотограф Оңғарбек Алхаровтың көрмесі көпшілікке таныстырылды. Оның көрмесі заманауи цифрлық пішіндегі фотолардың көлемі ауқымды әрі көркем классикалық нақышта түсірілген. Бүгінгі қазақ өнері мен мəдениетінің дамуына қомақты үлестерін қосып жəне шəкірт тəрбиелеп жүрген қазақтың киелі өнер ордасы Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ұлағатты ұстаздарының бейнесіне құрылған. Көрменің ерекшелігі академияның ғалым-оқытушы басшыларының, қазақтың атақты жазушы драматургтерінің, режиссерлерінің жəне музыка саласы мен актерлері, суретші шеберлерінің, өнер теоретиктерінің фотодағы бейнелері бір арнада тоғысқан.

«Елбасының Жолдауында жетінші міндеті «Адами капитал – жаңғыру негізіне» айрықша мән беруінің себебі, қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтар мәселелері, рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері қазақ өнерінің діңгегінде жатыр. Бұлар – түсінікті әрі айқын. Әрине, біздер, ұстаздар қауымы үшін жетінші міндетте адами капиталды қалыптасытыру, дамыту бағытында нақты тапсырмалар мен жүзеге асыратын іс-қимылдар айқара ашылған. Сонымен қатар, білім беру саласының қызметкерлерін әлеуметтік жағдайларын жақсарту барысында да көптеген игі іс-шаралар бар.  Жүсіп Баласағұн айтқан екен: «Кімде-кім халқынан алмаса тәлім, Оны үйрете алмас ешбір мұғалім» – деп ерекше атап өтті Қазақ ұлттық өнер академиясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қ.З.Халықов.

Елбасы жолдауы аясында қазіргі қазақстандық қоғамдағы рухани құндылықтар мәселелері, рухани жаңғырудың жаңа міндеттері мен мүмкіндіктері төңірегінде мәнді, мазмұнды ойлар айтылды.

«Сандық Қазақстан – экономиканың жаңа моделі» шеберлік сыныбы соңында “Кескіндеме, мүсін және дизайн” факультетінің ұйымдастыруымен академияның бас фойесінде Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстыратын студенттердің шығармашылық көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here