Этюдтар-2

Қараңғы.
Кім еді жаңағы?!
Жырды жүр жағалап…
Айтсана, Оғланды! Оғланды!
Ол емес,
Есіктен сығалап,
Кірмеген,
Сол… қызық.
Көз алдым көп елес –
Мың сызық.
Жүректің жарығы кірлеген,
Жалғыздық келеді жол жүріп.
Кешігіп қалған-ау уақыттан,
Немесе бақыттан.
Жүректе тамшылар,
Жылаған кім дейсің?
Мен шығар…
Жүр дейсің кім елеп?!
Қарайды көзін ол алмастан,
Сұр кенеп.
Жылап тұр шаң басқан,
Сүгірет.
Ай, Оғланды, Оғланды…
Сенен де болсыншы бір медет!
Қасыңда Пір Бекет!

***
Бәрі де жұмбақ…
Бетінен,
Тамады Жерге Айдан нұр.
Толқындар анау шетінен,
Қаз-қатар тізіп қойған жыр.
Көк теңіз десең,-
Аппақ ол,
Оранып тұрған тұманға.
…Өзім деп соққан соқпақ жол,
Түспеді жүріс бұған да…
Ұйтқиды өмір санаңда,
Теңізде суға шөлдейсің,
Айтшы сен соған, не дейсің?!.

***

Аларын алып,
Берерін беріп,
Жатады-ау мына жыл өзі…
Апамды көргенде жүруші еді,
Бір Сұлу,
Жібектей есіліп мінезі,
Көзімнің қырын салып қоямын,
Қамқорсып,
Келін қылам деп,
Шешем жақсы көрген қыз еді!..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here