Күйзелгенде мына жан, күңірендім

Қоңыр күздің тымырсық түріне ендім

Бақыт жоқьай бахадүр дүниеде

Мұқағалаи бабамның жырына ендім

Неге барып соғылар мына жаным

Мен сол жердің іздедім құба жазын

Туғанымнан пешенем тар болған ау

Енді Құдай жетпей ме сынағаның

Күлкіні де ұмыттым көп болыпты

Тұлдыр көңіл өз шерін ақтарыпты

Ешкім маған жаны ашып қол созбады

Өзімді аяп, өзіме ақталыппын

Бәлкім біреу дер мені мұнысы не

Жалғыздықпен өткен күн құрысын деп

Жалғыс өтсем, ешкімге өкпелемейм

Іздеген бәз біреулер тірісін дер

 

 

 

Абыздар өткен өмірден,

Аңыз боп қалған аттары.

Аманат болып бүгінге,

Жетіпті оның хаттары…

Әулие бабам Бұхар да,

Халқына болды өнеге.

Көмекейінен бүлкілдеп,

Сөйлеген тұрып төбеңе.

Шынар ағашы сяқты,

Жемісін төге егілген.

Бұхара үшін қуанып,

Қабырғасы сөгілген…

Азаттық аңсап алашта,

Төрт жақтан дұшпан қапсырған.

Сол заман – қазақ баласын

Тоқ қылған, бірде аш қалған..

Бір жақтан Жоңғар қаусырып,

Қытайға Құдай тап қылған

Кең байтақ жері жаншылып,

Балаққа итті жапсырған…

Қараңғы түнгі ай сынды

Жолаушы үшін жол сілтеп

Бірлікке жұртын шақырды ол,

Бірлікте жұртым болсын деп

Абылай хан да алаңдап

Бұхардан кеңес сұрады

Сол кезде олар амалдап

Орысқа бетті бұрады..

Шарасыз болса күйіңіз,

Өзіңе кетер сйымыз.

Ер жігіт бөлек болмайды,

Бір жерде демек үйіміз.

Жоғалады ау деп мәрт үнім

Тілі мен дінін халқының

Уайым етті ұлы ақын,

Жағдайын дәстүр – салтының.

Тапа тал түсте жол таппай

Адасып қалу оңай ма?!

Қазақты сақтап қалуға

Орысқа қосты қалайда…

Өмірден өтті жақсылар,

Өнеге болып талайға

Жақсының ойын жақсы ұғар

Жаманға тыңдау оңай ма?!

Бұхардан өшпес із қалды,

Сәулесін шашқан маңайға.

Шын ақын болсаң сен де ойла

Қазақтың жайын жарай ма!

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here