Қара кісі
(метафоралық пэмадан үзінді)

Айнаға қарасам,Қара кісіні көрем…
С. Есенин
… Саған ұқсап менің де жанады ішім,
Құлағыма сыбырлап,құран оқып,
Иектейді мені де Қара кісі…
Мұқағали

…Махамбет Өтемісұлы кештетіп, жолдастарымен Қаракісінің ауылына түседі. Аттар да, кісілер де әбден шаршаған.
Қаракісі үйден шығып:
-Жолдарыңыз болсын! Махамбеттің қосшылары боларсыздар,қош келдіңіздер деген екен. Махамбет сонда айтыпты:

Тарланды сұлу көрсеткен,
Сұлы менен беде екен.
Жігітті сұлу көрсеткен,
Қалың қол мен елі екен.
«Махамбет-қосшы» дегенің,
Махамбеттің өзі екен!

Қаракісі танымағанына кешірім сұрап, үйде қонақ етеді. Жазғытұры екен. Ертесіне Махамбетке тәуір айғыр мінгізеді, жолдастарына тың ат береді…
Махамбет қайтарында тарлан атының құлпырып қалғанын көреді. Қаракісі аттарға сұлыны сүтке бөрттіріп
(Спан әдіс) берген екен. Махамбеттің көңілі бітіп: «Дәмдес болатын кісі екенсіз»- деген екен…
…Қаракісі Махамбеттің бойлы-сойлы қарындасы бар екенін естиді. Қаракісі Махамбетке құда түскісі келетінін айтады, ініс Қосымды көрсетіп, қарындасын келіндікке сұрайды.
Махамбет:
-Бұрын үйленбеген болса–бір тең шешесің,бұрын үйленген болса екі тең шешесің депті.
Қарындасы Махамбеттің берген уәдесін естігенде өлеңмен:

Желекті найза қолға алып,
Оң жағыңда жүргенде
Жігіттермен тең едім.
Жоғары өрден жылқы айдап,
Боранды күні келгенде,
Қай жігіттен кем едім?..
Сырын білмей адамға,
Ағеке неге телідің? –деген екен…

..Келін кейін «Сәке шешей» атанды.Ол ұзақ ғұмыр кешті.Одан үш қыз,төрт ұл (Қолдасбай, Бөшекен, Шопанияз, Шопанбек) туды.
Төртеуі де ер тұлғалы болды…

Махабетше жақсы көру

Асынған жебесін,
Қақпақтай жауырын.
Мақтаныш көретін,
Қарындас–
Бауырын.

Болғанда тірегі,
Тілеуін тіледі.
Қалмайды бір елі,
Қасында жүреді.

Жалғыздық сезілді,
Жоқтығы жеткенде.
Бауыры езілді,
Жат жұртқа кеткенде.

Кеткесін білген де,
Жоқтығын бауырының.
Тіледі жүргенде,
Денінің саулығын.

Аталса есімім…
Құтылар азаптан.
Тиер деп кесірім,
Алысқа ұзатқан!

…Қаракісі 1830-1840 жылдар шамасында Үстірттің оңтүстігінде өзімен бірге жүріп, оққа ұшқан батыр
Құлыбектің етін сылып алып, сүйегін Бозашыға Қызық қауымына жерлеген…
Ол кездегі ең атақты тұлпарлар: Қаракер – Сүйінқарада, Қаракөз деген тұлпар Қаракісіде болған.
Қаракісінің Қаракөзі Кенесары ханның беріп отырған асында бәйгіден басқа аттардан бұрын келген.
Мұхамеджан Сералиннің 1900 жылдары Кенесары, Наурызбай хандар туралы жазған «Топжарған» атты поэмасында
Қаракісінің бәйгі алғанын жырмен келтірген.
Тойларда, астарда Қаракісінің аты бәйгіден бірінші келетін. Бәйгіден түскен малды иелеріне (ошаққа),
ағайындарына, жетім-жесірлерге үлестіріп жүретін…

Махамбет

Жүргенде Нарында,
Махамбет!
Мен едім.
Исатай жанымда,
Қасымда өлеңім.

Белімде белбеуім,
Шешілмей келеді.
Өлімге сенбеуім,
Сенгенім ел еді…

Досыңнан айырылу,
Дұшпанға керегі.
Қанаттан қайрылу,
Өліммен теңеді.

Семсерім,
Тұлпарым,
Шаппайсың сен енді.
Жәңгірхан қылтаның,
Тамаққа тірелді…

Іздеймін асылды,
Өртеген жалыннан.
Сақтауға досымды,
Келмеді қолымнан.

… Махамбеттің қарындасын көзкөрмес жерге ұзатуының бір сыры осында жатса керек…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here