Қызыл рең,  үздіксіз соғылыстардың,                                                                            дүмпуге ұласқан нәзік кірпігі ғана.

Қызыл рең,

жіп-жіңішке сызықтардың,

топырақ бетінде шашылған тұқылы ғана.

Қызыл рең,

темекі түтініндегі,

сансыз жолақтардың биікке атылған,

күлтелерде сермелген күркірі ғана.

***

Қызыл рең,

іңір сұлбасындағы,

ару ернінде күйреген,

ажалдың бүршігі ғана.

Қызыл рең,

тозақ гүлінің өңіндегі,

қиралаңдаған сыбырдың иісі ғана.

Қызыл рең,

жұмақ отында билеген,

тамшылардың тағатсыз тырсылы ғана.

Қызыл рең,

үрпідегі сүттің,

іңір өңешінде іріңге айналып аққан,

уақыт табанындағы әспеті ғана.

Қызыл рең,

бақбақ ұлпаларының,

салмағы сан-сапат, тоқтаусыз гүрсілі ғана.

Қызыл рең,

тас бетіндегі қанның ызыңы ғана…

Ы. Әділетұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here