Этюдтар

Келгенде,
Апай,
Оқу бітіріп,
Жіберген аттай,
Ер-тоқымын сыпырып…
Жүретін еді,
Тартылған сымдай,
Сызылып.
Омыраудағы моншақтар,
Қатарын сақтамай бұзылып…
Қарайтын едік біз,
Жақсы кинодай қызығып,
Сосын, әр сәттер…
Жалғанған құрдай-лента,
Шырт-бырт үзіліп.
Әй, бәрі… өтірік.
…Талай алдық қой,
Сабақты оқымай екілік…
Зәреміз ұшатын,
Ол ұрысқанда зекіріп.
Әй, бәрі… өтірік.
Ол үйден шыққанда,
Басында қызыл орамал,
Желпініп,
Таң атпай түйе саууға.
Біздің Бураның,
Тұратын еді ақ көбіктеніп,
Аузы көпіріп!..
Әй, бәрі… өтірік.

***
Көрініп еді,
Тым… биік,
Аласарыпты,
Сарғайып жатып,
Сан арман.
Бір өртеп,
Бір күйіп,
Жүрекке жара салыпты.
Күзді күнгі…
Ағаштың жапырағындай,
Шашырап қалыпты,
Тоналған уақыт,
Сандалған бақыт.
Жоқ шығар жауабы,
Кітаптай,
Беттерін ашпаған,
Адасқан көп ойлар,
Кезеді ауаны,
Игермей тастаған,
Талайлар.
Ұшам деп,
Қанаты талған,
Түннің өзі қоршауда қалған!..

***
Теңізде.
Кешқұрым.
Тыныштық.
Аяулы шақтар ғой…
Тым ыстық.
Кім екен,
От жаққан кеш келіп?!.
Айнала таңырқап қарайды,
Сәуледен сескеніп.
Сол оттың жалынын,
Толқындар биікке көтерген,
Келгенін хош көріп.
Cәтімен бүгін тек,
Ақ бұлттар күбірлеп.
Теңізге Күн құлап барады,
Күн астында,
Күнекей қыз күлімдеп!..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here