Сыймай кетем, дүниеге сыймай кетем

Сыйа алмасам сйыңды қыймай кетем

Мендегіні біреулер қызғанғандай,

Өзіме-өзім кейде бір ұнайды екем…

Ондай кезде үңіліп тереңіңе,

Ұмтыламын жанымның керегіне

Түсіп алып ойлардың өзегіне

Өлең жазам, үңілмей себебіне

Айналама төгіліп гүлдер дара

Аспанымнан жаз жаз деп үндер мана

Біреу мені жатқандай асықтырып

Ашылады алдымнан күндер жаңа

Өз арнама сый алмай қыйналамын

Тоқтайын деп өзімше ұйғарамын

Жоқ, жоқ жырларым босатпайды

Жүрегімнен төгіліп миға жалын…

Сыйа алмаймын өзіме осындайда

Ақындардың барлығы осындайма?

Ішімдегі қайнаған сол әлемде

Сырттағыдан еш нәрсе жасырмайды..

 

Сөйле тілім

Сөйле тілім, сөйлесеңші тоқтама,

Айналаңа Әбілқайыр боп қара!

Дауыл болып кезіп өткен далаңда,

Мәңгі өшпейтін қалған сенен шоқ дара!

Сөйле тілім, сөйлесеңші тоқтама,

Айналаңа Әбілқайыр боп қара!

Ұлытауда ізі қалған бабаңның,

Ерлігін жаз, ескерткіш бір тақтаға!

Ташкент, Сайрам, Түркістанның тұсында,

Жау күйреген ақ найзаның ұшында.

Бір топ батыр атой салған даланың,

Қойнауы құт, қайсарлық бар құсында!.

Жоңғар – Қалмақ балаққа кеп жармасты,

Пиғылы қара, жау санасы алжасты.

Қарасйыр, Бұлантының маңында,

Майдан соңы жеңіспенен жалғасты.

Кім тікпеді көзін қазақ жеріне,

Ойран салып, ойнамаққа төріне?!

Қара қытай бір бүйірден қысты кеп

Осылардың басы қатқан бәріне;

Әбілқайыр, Алаш қамын ойлады,

Сан мың қолмен жауға селдей төнуге…

Итішпестің маңындағы сол шайқас,

Тағы да бір сенім сыйлап еліне,

Жеңіс туын желбіретті төріне.

Бір күн келді, ел іргесі ыдырар,

Бара жатты тұрмыс-тірлік құлдырап…

Қара басын ойлай алмай тағы хан

Жақсылармен ақылдасты шырылдап.

Соңғы оның мынау болды қадамы,

Қазақ елін сақтап қалу амалы.

Кіші жүзді Бодандыққа енгізді,

Үміт күдік билегенмен сананы…

Сезгенімен өзгерерін «көбінің»,

Бәрінен ол биік қойды сенімін..

Асыл тасқа, ойып тұрып қашады ол

Тарихтағы тағдырын өз елінің!…

 

 

Сен байқадың көңілімнің кірбінін

Көңілімнің бұғатталған бір күнін

Сырласым жоқ мынау жалған суық па

Тәңірім де арнамады ырзығын

Көзің салсаң аспан пәктей, тұнықпа

Жаным әуре іздеп келед шындығын

Жұмбақ жалған біле алмадым қызық па

Кезіктірмес бұл дүниеде кімді-кім

Сен жүректің орын алдың төрінен

Содан ба екен мен көңілсіз көрінем

Кездескелі әділетсіз мынау күн ттүгіл

Өз-өзімнен болып кеттім жерігем

Жек көре алман, жек көр десең сені мен,

Безіп келем тағдырымның тезінен

Сені сүйдім амал қанша сен болсаң

Өлтірсең де бола алмайсың менімен.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here