Дүние деген – тұрақсыз

Дүние деген тұрлаусыз

Бағынған адам заңына

Бұйдалы асқақ шыңдарсыз

Сұрықсыз оның тауы да

Қызылды жасыл сағым бар,

Таңымен жатқан шағыла

Сыйда оның шектеусіз

Ерекше оның таңы да

Өмірдің болса өлшемі,

Төрт мезгіл берер бағасын

Қарағңғы түнде үміттен

Көңілге шырақ жағасын

Балалық көктем сияқты

Балына қайтып қанасың?!

Ұмтылған көңіл бұл сәтте

Қалап тұрады + ау жаңасын.

Жастығың жазың сияқты

Ысисың кейде, тоңасың

Шөлің бір қанбай, таусылмас

Бір тойға сен де барасың

Күз келіп бір сәт, еріксіз

Артыңа бір көз саласың

Кеудеңді түйреп өкініш

Өзіңнен өзің соласың

Көбейіп күдік, көңілдің

Үрлейсің бітпес шаласын

Осы бір сәтте бұл өмір

Ойлантар адам баласын

Қарттығың қыс та жетеді,

Мүсәпір, байғұс етеді

Өкпелеп бала-шағаға

Жетеді, дейсің, жетеді

Көңілге үрей ұялап,

көбиер күннің бекері

Әл дәрмен құрып, қызықтың..

Мәңгіге дәмі кетеді

Өткенге сонда еріксіз

Бас шайқап есеп бересің

бер жақта тұрып, ар жақта

Айнадан бәрің көресің

Көресің, барға көнесің

Сенуің керек болған соң

Бір бақыт тауып сенесің

Биіктеп бір де мәртебең

Кейде бір төмен шөгесің

Алдыңа мақсат қойып ап

Амалың онын табасың

жалғанда мынау айла ойлап

Қулыққа талай барасың

Бір ұтып, кейде ұтылып

Басқаны сен де бағасың

Осыдан кейін басталад

Жалғанда бітпес таласың

Біреуге күліп өтірік,

Біреуге жылап жағасың

ұрпағың үшін бес күндік

Жалған да амал табасың

Өтірік айтпа дейсің деде

Өзіңде соған барасың

көңілде қалған кей күнге

Өшпейтін іздер саласың

Ағайын туыс өз ара

Бәсеке болып бөлінер.

Өзгенің емес өзінің

Сүйегін кеміп, кемірер

Әттең ай демей, кейде бір

Бір күндігіне семірер

Туыстың жайын ұмытып

Сөзіне жаттың елігер

Көршімен көрші жарысып

Дәулетті болып көрінер

Жатарсың сен де қарысып

Мақтасыншы деп мені де ел

Ешкімнен қайтсең, кем болмау

Өзіңде жүрмей жөніңе

Қораға малды толтырып,

Жаярсың кілем төріңе

Ананың бүйтті баласы

Меніңде балам оқысын.

Көліктің алды жаңасын

көбие түсед қоқысың.

Біреулер тойлап жатқанда

Дүркіреп аты аспанға

сен де бір тыным таба алмай

той жасауың үшін жастарға

Қызғаныш керіп іщіңді

қарызға мығым батсаңда

Тойыңды жасап тыеасың

Аз болар онның, ассаң да

Көлігің жарыс, өлігің

Үйретті бұған. Сені кім

түседі сынға тірлікте

сенімің менен төзімің.

Тырысып өстіп жүргенде

Ұмыт қалғандай өлімің

ұмытып кете береміз

Таусылатынын бәрінің.

Өлгенде келер қасыңа

таласқа түскен туысың

топырақ тастар басыңа

толтырып ы уысын.

Тұрады көршің бас шайқап

жақсы адам болған екен деп.

Жылайды балаң айқайлап

Көрмейміз сені әттең – деп.

Дүние деген тұрақсыз

көркіне оның алданба.

Шыңдалмас адам сынақсыз,

кедей де болсаң арланба

Байлықтың барлық мақсаты

Мақтаннан ғана тұрады.

Мақтаншақтың өтірікке

Үйренген жалғыз құлағы.

Шуақты болсын көкірек,

адами адал жандарға

қызғаныш қалқам-қасірет

балама оны арманға.

Қадірің болсын бастысы

бес күндік мынау жалғанда

шындықтың білсең аштысы

бар пенде өткен арманда

қорқытта қашқан ажалдан,

Ұмтылып әсем таңдарға

таласқа түскен ей, жалған,

тоқтатар сені заң бар ма?

Қызылды – жасыл көкжиек,

Жанарды бір сәт алдар да.

Кеудеде демің соңғы рет

Тынысын шаршап алғанда

Ұғарсың мәнін бәрінің,

Бес күндік өмір қадірін.

Ұға алмай әттең кетеді

Қалауын пенде жанының.

Сол кезде жауап береді ол

Алдында аппақ арының.

Таласқа түскен беу дүние ай

Тыңдашы мені жарығым

Өкінбес үшін әттең деп,

сауалым қояр көп менде

Жасаған күнәм үшін де,

Ақталып келдім еппен де.

Ұрпағым үшін өйттім деп,

Жақыным үшін сөйттім деп,

Анауысы былай, мынауысы

Ешқандай айып жоқ менде

Әттең ай арман көп менде

Түсіндім бірақ бір нәрсе,

жаныма пана таппадым.

Жалғызды мүжіп ішімнен,

қараңғылыққа тоқтадым.

Сағындым өткен күнімді,

Естеліктерді сақтадым.

Пейілім содан бүлінді,

Мен сені содан таптадым.

Бірақта досым, білсеңіз

Сүрініп жатсаң қарғанба

Биікке жетіп жатсаңыз

Бір күндігіңе малданба

Дүние деген тұрақсыз,

Болады ажал құлақсыз.

Осынау мына жалғанда

Жай ғана жанған шырақсыз.

Төрт мезгіл берген сындарда

Жайқалып өтскен құрақсыз.

Әдемі болмас тауларда

Бауырындағы бұлақсыз.

Шыңдала алмас адамда

Жалғанда мынау сынақсыз

Өтеді бастан бұл дәурен

Дүние деген тұрақсыз


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here