Әбділда Тәжібаевтың 110 жылдық мерейтойына орай астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Семсер жырдың қорғаны» атты поэзия кеші болып өтті.

Аталмыш іс-шара елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласында көтерілген «Ұлы даланың ұлы есімдеріне» байланысты Әбділда Тәжібаевтың есімін дәріптеу болып табылады. Сондай-ақ, биыл 2019 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақынның өлеңдерін оқу үшін таңдап алынған болатын.

Іс-шара қатысқан зиялы қауым өкілдері ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында әңгімелер қозғап, қаламгер жайлы естеліктерімен бөлісті.  Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың қарындасы Роза Жүнісова ақын Әбділда Тәжібаевтың көзін көріп, сырлас болғанын айтса, ақын Бақытжан Тобаяқов Ә.Тәжібаевты бала кезінен бері танитынын, ақыл-кеңестерін тыңдағаны жөнінде айтып өтті. Мектеп оқушылары ақының өлеңдерінен үзінді оқыды.

Әбділда Тәжібаев – қазақ ақыны, драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы, «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» атты көптеген еңбектердің авторы.

Ә.Тәжібаев «Өлең және поэзия», «Қазақ драмасының туылуы және қалыптасуы» тақырыбындағы монографияларында қазақ поэзиясының және драмасының өзекті мәселелерін кеңінен жариялады.

Оның әдеби-танымдық мақалалары, «Жылдар мен ойлар», «Хаттар сөзі», «Өмір мен ерлік» атты эсселері жарық көрді.

Іс шара ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Жазушылар Одағы Астана филиалымен бірлесіп ұйымдастырылды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here