Әлемде сұлу келіншектер туралы көркем әңгімелер аз емес. Жиырмасыншы ғасырда жарқыраған жұлдыздардың ішінде Мэрилин Монро, Софи Лорен, Одри Хепберн, Грета Гарбо және т.б.  бар.

      Ал, сән әлемін бағындырған атақты француз киім моделері Кристиан Диордың есімін білмейтін адам кемде-кем. Оның сүйікті моделі Алла есімді қыз аты аңызға айналған париждік модельдердің бірі ретінде саналды. Қазіргі таңда Алла Ильчунның түпкі тамыры қазақ екендігі мәлім болуда. Оның фотосуреттері жылдар бойы француздар мен шетел газеттері және заманауи жорналдардың беттерінен түспейтін. Диор қайтыс болғаннан кейін оны жас Ив Сен-Лоран де мойындаған еді.

Жалпы алғанда Алланың модельдік жолы 20 жылға созылды. Оның экзотикалық келбеті көрермендерді баурап, журналистердің назарын аударатын. Ал оның киген көйлектерін танымал актрисалар мен аристократия өкілдері сатып алатын. Алла Ильчунды «Шығыс інжуі», «Диордың сүйікті моделі» және  модельерге халықаралық жетістік әкелген оның «музасы» деп атаған еді. Ал Christian Dior парфюмериясы әлемдегі сатылу көлемі бойынша төртінші орында тұр.
     4 ақпан күні ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «DIOR МУЗАСЫ. АЛЛА ИЛЬЧУННЫҢ ТАРИХЫ» Сән әлемін бағындырған тамыры қазақ бойжеткен» атты кітаптың тұссаукесері өтеді. Кітап авторы «Франциядағы қазақстандықтар қауымдастығының» негізін қалаушы Берлин Иришев.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here