Қанат Ислам

Шешілмес амал ма?..
Жұмбағы табылмас,
Кідіріп тағы да таң атты…
Келді ғой бір батыр алаңға,
Берді ғой қазаққа –
Қанатты!
Атадан қалған бір сөз еді,
“Әруақ” деп ұмтылған жеңіске.
Шаттығым бөлмені кезеді,
Сыбырлап құлаққа,
Періште.
Бұл таңда… 
Жарқырап шоқ маңдай,
Қабысқан жаным мен бұл денем.
Гүрс еткен жұдырық шоқпардай,
О, Қүдай,
Басталған дүрбелең.
Лап қойған қамалға, 
Тағы бір таң атты.
Көтерді Қазақты, 
Алаңда,
Қазақтар Қанатты!

Опасыз

Қалың ой,
Мазасыз, үркеді,
От қана тұрғандай күбірлеп.
Білте шам,
Білтесі түртеді,
Қап-қара түнекті, дірілдеп.

Көлеңкең көз алмай аңдыған,
Қорқақтай жүреді ізіңмен.
Өтеді бәрі де алдыңнан,
Моншақтай тізілген.

Біреулер отырып қасыңа,
Сенімсіз қарайды.
Жылайды тағы да қосыла,
Көңілсіз…
Алдаған талайды.

Осы-түн.
Мазаңды алады,
Сол түннің аласың мазасын.
Ойлармен тілгілеп сананы,
Соңғы жыр деп…
Жазасың!

Осылай.
Бір сыннан өтесің,
Сол түні бәрін де кешіріп…
Содан соң,
Ұйқыға кетесің,
Көрпеңе қарай…
Көсіліп.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here