ҰЛЫ дала сыр шертеді…..

Өткен күндер

жаңғырғанда санамда,

Тұрып қалып

Еділ – Есіл жағаңда!

Аңғарамын бабам салған іздерді,

Таң қаламын бір белгісін табам да…

Отырардың

саф қақпасын қағам да,

Өткен күннің ағынымен ағам да..

Түркістанға ораламын –

Ахмет боп,

Күллі аспанды тұндырып ап – жанарға.

Отырарға

Фарабидей келіп ап,

Ой тастаймын, көз тастаймын ғаламға.

Таңғажайып келешекке сеніп – ақ,

Қасиетті ғылымнан от алам да…

Көшпенді жұрт

көнелерде көмілген,

Белгіңді іздейім көбесінен сөгілген!…

Көшпендінің

Күлтөбесін ақтарсам,

Асылдардың қалдықтары көрінген…

Ұлы Дала,

Ұлы – тарих тізбегі,

Тутанхамон, жарқыраған біздегі..

Бүгініңе – өткенді тұр дәріптеп,

Сайрап жатқан

ғұн – сақтардың іздері…

Сен байқасаң

Көне қала төбесін,

Көшпендіден қалған ізді көресің!

Тұран елі сайран салған ғасырда,

Қылыш-садақ,

сауыт-сайман,

жебесін….

Тұран елі

сайран салған заманда,

Сәйгүлікке құмар болған адамдар.

Түз тағысы – барысқа ерді теңеген,

Темір – мысты дәріптеумен ғаламға…

Қала арасын,

ел арасын жалғаған,

Жібек жолы қосылады арнаға.

Көшпенді елдің мәдениеті дамыды,

Ұлтын сүйген

ұлын ел де таныды….

Қасым – Есім,

Тәуке,

Жәңгір – Абылай,

Әз Райымбек,

Қабанбай мен Бөгенбай.

Дана билер билік айтты нар қасқа,

Айта қалсаң, жөндері де бір басқа…

Неге айтпасқа ақындарын ұлы елдің,

Ой тастаған тереңіне кемелдің…

Абайды айтам,

үлгі болған әлемге,

Падишасы құдіретті – өлеңнің!…

Қаға қалсаң

тарихыңның есігін,

Есітемін ұлылардың есімін.

Еске аламын

кешегіні есіркеп,

Түзетумен бүгінгінің – бесігін….

Тұғырыңда

желбірейді – көк туың,

Сен өйткені ұрпағысың тектінің!…

Түркі туған ер қағандар себебі

Кешегіде кетірмеген еш құнын….

Жаңа тарих

ашты жаңа парағын…

Жаңа заман

қойды ұрпаққа талабын

Еркін қазақ,

еркін еніп ортаға

Еуроппада қалыптасты жаңа ұғым…

Жаңа тарих,

ашты жаңа парағын

Айналама бір байыптап

қарадым…

Білім сүйген

ғылым сүйген жас ұрпақ

Биік екен қойған сенің талабың!..

Елбасының жолдауына үңілсек,

Бұл Рухани жаңғыруы сананың….

Ұлт мүдесі,

Тіл менен дін,

Бірлестік

Өткендегі аңыздары даланың…

Өткендегі мәдениеттің жұрнағы,

Тіршілігі

түркі елінің қырдағы..,

Өнері мен өріс алған дәстүрлер,

Күлтөбенің жасырулы сырлары….

Бәрі, бәрі

не болса да сол күнгі

Бәз қалпында бәрімізді таң қылды…

Елбасының бастауымен жиырма бес,

Архивінде ол жаңадан жаңғырды…

Кесенелер,

Ескерткіштер,

Қорымдар,

Ертегілер, өшпей келген аңыздар…..

Бәрі, бәрі бұзылмаған қалпында

Қабырғасы, қағанасы

қағылған….

Ұлы -Дала,

Ұлы -тарих,

Ұлы – күн,

Лайламайық, ей ағайын тұнығын!!!

Кешегіңді қадірле де, бүгіннен

Арзымайтын, асқақ тұрған сыр ұғын!…

Жаңа заман,

жаңа қала,

жаңа ұрпақ,

Көз тастайды көп нәрсеге таңырқап!!!

Сары арқаның сар төсінде Астана,

Ұқсамайтын өз сәулетін салдырмақ….

Төбесінен

күн күледі ғаламға,

Өшпес үміт сыйлайтындай адамға…

Алыптармен теңеседі – Қазақсан

Талай -талай жаңалықтар бар алда!….

Марқаямын сол себепті бүгін мен,

Ұрпақтар көп өткен күнге үңілген….

Үміт артып

атар таңға жалынам

Айырма деп, осы бейбіт күніңнен!….

Шабыттанам

сол себепті бүгін мен,

Жан – жүрегім жамандықтан түңілген…

Өткені бар,

келері бар ей, қазақ

Қайра мені, оқтай өткір тіліңмен!…

Көз алдымда көсіледі кең дала,

Балаң үшін мәңгілікке

сен – Дара!.

Анау жерде алма ағаштар майысып,

Қызғалдақтар жайқалады белді ала…

Бәрі,

бәрі әсем, сұлу қалпында

Махаббатым саған деген сарқылмас!

Бақытты ұрпақ,

Қасым айтқан осы ұрпақ

Жаса мәңгі

Жақсылыққа талпын да!…

Сен жасай бер,

Өзгермеген қалпыңда

Жүрегіңнен бақыт салған ән тыңда!…

Сөз сұрасаң

ақыным деп

қызыл тіл

Көсіле түс

осындайда тартынба,

Түркілердің найзасындай оң – солды

Найзағайдай осып түс те, жарқылда!…

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here