Алдымда жатыр – парақша,

Ешкімге керек емес ол.

Арман мен бірақ ойымның,

Мен үшін теңсіз төресі ол.

Іздері қалған қолыңның,

Мен оны кеше ұрлағам.

Осы бір қымбат олжа үшін,

Дайынмын, тартсын мұң ғалам.

М. Ю. Лермонтовтан

 

Жоқ, мен Байрон емес, өзгемін.

Әлі бір датсыз кезбемін.

Ғаламды шарлап сол сынды,

Орыстың жаны сезгенімін.

Ертерек бастап, тез қоям,

Ақылды берсең көншітіп.

Мұхиттай көңіл ден қояр,

Үміттің жүгін өршітіп.

Ей, мұхит сенің тылсымың,

Кімдерге аян бола алған?

Сол сынды, ойды Құдай мен

Тек өзім айтам – жаранға!

М. Ю Лермонтов

 

Үміт.

Жұмақтың құсы бар менде,

Орнаған жастық іргемде.

Күніге қонып тұрғанмен,

Арнамас әнін күндізге.

Меруерт төгіп сыртынан,

Басында тәжі, қанаты

Алтыннан шашып буырқанған,

Арайлы таңдай болатын.

Қараңғы түнге оранып,

Ұйықтаған сәтте қара жер.

Ағашқа қонады сыланып,

Жаныма әнін төгеді ол.

Елітіп тәтті әуенге,

Ауыр бір жүктен арыла.

Нәзік те тәтті күй кештім,

Жан жүрегіммен сағына.

Құйындап жеткен сол үнді,,

Сүйе бір тыңдап асыққан.

Үміт деп атап келемін,

Арнамнан мені тасытқан.

М, Ю Лермонтовтан.

Дегенмен бірақ, болмады…

Пешене болса жазғаны,

Тағдырды қайссы жазғырар!?

Дәуренің өтіп т сұрықсыз

Сүйкімсіз әнін салдырар.

Дайын бол деді, ей сорлы,

Табалмай жатсаң дәл жолды,

Тығылма күздің ығына!.

Эрева жақтан ең соңғы,

Жапырақ түсер мүмкінде,

Минутың тоқтап бір күнде…

Күн нұры тайып көзіңнен,

Қаратпай ол да кетер де.

Жастықтың ғазиз түндері,

Басылған будай бекер де!…

Шарль Милвуа

Жалғанды таусылмайтын жұмақ көрме,

Алданар ақымақтың түріне еніп.

Бейнет шексең тұра кел, құлап көр де,

Дей көрме, бірақ өмір – дәті берік.

Көктемнің құбылысындай күліп – жылап,

Сел, толқындай жағаға келген шулап.

Бәрі де өтер, ащысын, тәтіссін көр,

Бай боларсың, өтеді ол да бірақ…

Жан Мореас.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here