Белгісіз бір композитор жайында

Кім тыңдар дауысын жалғыздың

Бүгін мен іші бос қалбырмын

Күледі көңілде музыка

Ойыны сияқты балдыздың

Әйнектен күлімдеп бір бейне

Көрмейтін адамға сыр дейме

Күн бе ол түн бе ол бәрібір

Көрмейтін көр соқыр біздейге

Қоғамға жарнама тәрізді

Олардың істері бәрі ізгі

Ақша ма, атақ па кім білсін

Бойынан жоғалтқан сабырды

Концертке келсін деп шақырды

Налалы көкірек ах ұрды

Мүгедек, мүгедек деп тұрып

Көрсейші дейтіндей пақырды

Ұялдым, күйіндім налыдым

Жанымның жасырмай жалынын

Бойымды кернеген таланттың

Тағы бір қадырін таныдым

Қолымда таяғым, ақсаңдап

Алдымда бір биік баспалдақ

Іштегі күйімді жеткізу

Болдыру, жоқ еді жасқанбақ

Көр соқыр көзім бар, сана ояу

Періштем көлбеңдеп аспанда ақ

Керек жоқ марапат атағың

Қайнасын мына қан қасқалдақ

Адамдар жақсылық қылдым дер

жасыттың жігерді біддің бе

Тек қана соғыстан қалған жоқ

Мүгедек бұл бейбіт күннің де

Деді де ол түскенді төменге

Мұң мен шер жігерін жеген де

Ол асқақ тұрады мәңгілік

Ей достар, сенен де, менен де

2010 ж

Құдіретті бір тіл бар ғаламда,

Ол таныс саған да, маған да!

Сол тілде, анамыз сөйлеген

Сол тілде, жаңғырған – санаң да!

Тарих та, сыр шерткен сол тілде,

Еліңді паш етіп ғаламға!

Сол бір тіл, байлаулы сертім де

Антымдай берілген анама.

Сол тілде, қиялым дамыды,

Түндегі сәулені таныды.

Жүрегім тулады – сол тілде,

Сол бір тіл – әлемнің жарығы!

Мен одан елімді құрметеп,

Отанды сүюім міндет деп.

Сен одан үйрендің көп нәрсе,

Талпындың көп нәрсе білмекке!

Ол бар да таңдарға ұмтылдым,

Қаламай қашуын шырқымның,

Ол бар да, мен бармын жоғалман,

Ол мәңгі – тірегі ұлтымның!

2015 ж

Ессіз жалған…

Ессіз жалған саған ғашық жан едім,

Қызық болып көрінетін әлегің!.

Балалықта өсу арман болатын,

Өсе қалсаң, табылардай керегің.

Сөйтсем жаным, арман деген алыстап,

Қараң беред кешегі күн қалыс қап.

Үміт алдап, ауырлайды мақсатың

Алжасады ойың биік ғарыштап.

Сөйтсем жаным, алаңдайсың әр неге,

Үркітеді, қорқытады әлдене!.

Қараңғылық бір бұрыштан сығалап,

Қамаласығң шарасыз бір бөлмеге!.

Неге сонда дейсің осы асықтым,

Жүрегіңе ұялайды қасық мұң?!.

Ессіз жалған кеше мені қуантсаң,

Бүгін неге аямадың, жасыттың!?.

2017 ж

Ауылыма

Шоғырланған ауыл едік біз бұрын,

Құрметпенен қонақ еткен бір – бірін.

Жел тұрды да бұзып жарып әкетті,

Пана болып бүркеп тұрған түндігін…

Көшті бәрі, көшті көңіл керуен

Көшті адамдар, қу тірліктен жеріген.

Орман қалды әр қуысын жел үрлеп,

Үйлер жатты, үйінділер белінен.

Көшті адамдар, қызық қалды кешегі

Танымайсың ойын қуған көшені!

Топ тобымен доп қуалап балалар,

Көңіл деген қош еді ғой, қош еді…

Сағыныштан өртенеді өзегім,

Иесіз үйлер , ортасында келемін…

Шоғырланған ауыл едік біз бұрын,

Ағайындар желбіреткен желегін…

 

Адамдығың бара ма, аласарып…

Адамдығың бара ма, аласарып,

Мына заман жандарға жара салып?!

Елдігіміз жатқанда ұлықталып,

Қылықтарың қалмады жарасарлық!

Бала саттық, алашқа әйгіленіп,

Ауыру деп оларды сендіреді.

Кім болса да, бірі оның – ел қорғаушы,.

Екіншісі, жұлдыз ба ед ел білерлік?!

Тарғыл жолда баласын жауға бермес,

Жесірлерін ешқандай дауға бермес.

Қазақ еді жетімін қаңғыртпаған,

Азғындарды басына сауға көрмес.

Көкек ана лайлады арамызды,

Күресімге тастадық баламызды.

Қасқыр екеш қасқыр да өз баласын

Тастап кетіп кезбеген даламызды.

Педофильдер пайда боп қаны бұзық,

Иманнан да таппадық сабырлылық.

Өзге түгіл, көршіге сенім кетті,

Жатқан сәтте дос досқа жәбір қылып,

Ендігісі сығыр көз қытай келді,

Қазақтың қыздарынан сұрай келді.

Оңды солды гулетіп ақша шашып,

Өз жерінде қазақты сыбай келді.

Орыс екеш орыстың қармағын да

Болған едік беріктеу арға мына.

Бүгін міне айыпты кім екенін

Білмей жұртым алаңдайд жан – жағына.

Себеп таппай бірде бір ақталарға,

Осындайда жол бар ма, мақтанарға,

Мына ұрпақтың алдында не айтамыз,

Күнәмізді кеше гөр, хақ тағала?

 

Бір бастыққа

Апыр – ай, шұқып отыр мұрын боғын,

Түскені несі осыған күнім менің?
Телефон тұтқасында сап – сап етеді,

Алпысты алқымдаған жүгірмегің.

Тырнағын тістелейді, аузына сап,

Таң қалсын, таң қалмасын аузын ашад.

Құдайдың жаратқан бұл бір пендесі,

Жүрген жері айқай – шу, жандырапат.

Мына жерге бастық боп жайғасыпты,

Кім біледі, бәрінен айласы ұтты?

Сыптығыр, жалмауыз көз зәр төгетін,

Білмеймін, қайдан келіп, қайдан шықты?

 

 

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here