Ол дәуір 220 жылды құрап отыр. Екі ғасырдан астам уақыт. Классикалық орыс әдебиетінің негізін салып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ақын! Ақынның кітабын қолыңа алып, оқудың өзі бір ғажап. Поэзиялық және прозалық шығармаларында Пушкин әрқашан адамға қатысты маңызды мәселелерге тоқталады. Мәселен, Татьянаның шам жарығымен, ойлы кейіптегі Борис Годуновтың, терезе жарығымен Арина Родионовналардың  хаттарын жазуы оның шығармаларында көркем суреттелген. Бір мезеттерде тіпті ақынның өзі туындыларындағы кейіпкерлерді асқан таланттылықпен, шеберлікпен жеткізе білуі де сөзсіз керемет! Демек, Пушкин бүгін де тірі. Ол ертең де біздің заманымыздың ақыны бола берері сөзсіз!

Биыл ТМД-да кітап жылы және Александр Пушкиннің 220 жылдығы! Осыған орай Ұлттық кадемиялық кітапханада «Пушкин портреттері» атты көрме болып өтті.

Іс-шараға қатысқан ғалым, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов өз ойын былайша білдірді:

Қазақтың бір ерекшелігі жақсы дүниелерді бар бойларына сіңіріп, көрсете білуі. Мәскеуде жүрген кезімде менің «Біздің Пушкин» атты кітабымның орысша аудармасын сұрады. Мен «Наш Пушкин» деп жауап бергенімде, қуана қабылдағандары әлі есімде. Содан бері 20 жыл өтті. Пушкин біздің ақынымыз, жүрегімізге жақын және оны жылытқан адам. Біздің әдебиетіміз бен мәдениетімізге ерекше құрметпен қарады. Пушкин жырына көптеген ақындар ғашық болды. Абайды қалай қабылдаса, Пушкинді де солай қабылдап, жақсы көруде.

Аталмыш көрме хронологиялық тұрғыдан екі ғасырды қамтиды: ақынның өмір сүру кезеңінен бастап ХХ ғасырдың аяғына дейінгі кезеңдер. Екі ғасырлық кезең Пушкинсіз және онымен бірге ақынның имиджіне арналған шығармашылық ізденістермен ерекшеленеді.

    Көрме барысында «Қазіргі әлемдегі Пушкин» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.     Іс-шараға Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Бородавкин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Сауытбек Әбдірахманов, А.Пушкин атындағы мемлекеттік мұражайдың бас маманы Елена Усова (Мәскеу қ.), Қазақстандағы Ресей Федерациясының ынтымақтастығы өкілдігінің жетекшісі, Астана қаласындағы М.В.Ломоносов атындағы ғылым және мәдениет орталығының директоры Константин Воробьев, M.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті филология факультетінің меңгерушісі Галина Власова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ орыс филологиясы кафедрасының профессоры Құралай Уразова, ҚР театр жұмысшылар одағының мүшесі, Қазақ ұлттық өнер университетінің көркемдік өнер және режиссура кафедрасының профессоры Сергей Федорович Матвеев, сондай-ақ, көптеген қазақстандық және ресейлік филологтар қатысты.    Іс-шараны ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Ресей ғылым және мәдениет орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті орыс филологиясы кафедрасы ұйымдастырды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here