Қазақ қоғамының санасын заманауи биікке көтеруге септігін тигізетін жобалар қазір біртіндеп қолға алуда. Бұл орайда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»  бағдарламасы дәлел бола алады. Елбасы сол мақаласында: «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі» деген болатын.

Қазақ елі қасиетті жерлерге өте бай. Сол себептен елімізде қасиетті, киелі жерлер мен төл тарихымыз және өркениетіміз жайында зерттеулер қажет етілуде. Оның үстіне тарихи-мәдени ескерткіштер шетелдік туристердің қызығушылықтарын тудыруда. Міне, осы бағыттарда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өз жұмыстарын атқаруда. Атап өтетін болсақ, «Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары», «Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары» кітаптары және «Қасиетті Қазақстан» энциклопедициясының 1-і томы жарыққа шықты. Жалпыұлттық маңызы бар киелі нысандар бойынша «Қазақстанның қасиетті жерлерінің географиясы» көпфункционалды виртуалды картасы, өңірлік маңызы бар объектілер бойынша интерактивті карта жасалды.

Қазақстанның киелі жерлерінің жалпыхалықтық тізіміне Қожа Ахмет Ясауи және Қарахан кесенелерінің 3D моделі де қазіргі заманға сай жасалған жаңа жоба, тұңғыш жоба. Ал қасиетті нысандар туралы әлеуметтік желілерге  бірнеше роликтер таратылды. Ол роликтер қазақ, орыс және ағылшыны тілдерінде жүргізілді. Қазақстандағы киелі жерлер туралы 4 ғылыми-көпшілік деректі фильм де өз кезегінде атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетіп отыр. Мәселен, «Киелі Қазақстан», «Қожа Ахмет Ясауи, Айша Бибі Мавзолейлері», «Алтын адам», «Номадтар елі» атты деректі фильмдер түсірілді.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті сол кезеңдегі ру-тайпалардың қоғамдық құрылымы, өркениеттік деңгейі, көне архитектурасы мен құрылыс салу техникасы ғалымдардың алдарында тұрған міндеттердің бірі. Қазір ғалымдар Қасиетті Қазақстан жобасында тарихи-мәдени ескерткіштерден  Бесшатыр қорғаны, «Бозоқ», «Ботай», «Са­райшық», «Ұлытау», «Оты­рар», «Таң­­балы» мәдени-тарихи му­зей-қо­­рық­тар туралы жаңаша идеяларын жүзеге асыруда.  Сондай-ақ, Абылай ханның киесі – қызыл түл­кі, Райымбек батырдың киесі – ақ түйе, Жамбылдың киесі – қызыл шұбар жолбарыс, Кемпір­байдың киесі – көкала үйрек те осы Сакральды Қазақстан жобасында көтерілетін мәселелердің бірі болып отыр.

Тағы бір айта кететін жайт, Қызылорда облы­сындағы Бегім ана мұнарасы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсүм­бе, Қостанай облы­сындағы Мұғалім көлі, Оқшы ата кешені зерттеуге таптырмас рухани және тарихи құндылықтар болып табылады. Айта берсек, осылайша тізбектеліп кете береді. Сакралды географияны ұлықтау – құтты мекендерге жол ашу.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here