Жыр жазып жанды емдейін,

Есейін самал желдейін.

Көңілім өсіп шарықтап,

Көлгірсір кезі көлдейін.

Жазайын жырды термелеп,

Қазайын кенді көмбелеп.

Үлгерсем  жалын лаулатып,

Жанымның оты сөнбе тек.

Асайын асу алда көп,

Тәубемен жүрем алға деп.

Қолдаса болды қолтықтап,

Қуатын беріп алла тек.

Көкте ме, үміт ошағы,

Бәйгеден біреу озады.

Жанымның жайлы кезеңі,

Қол жайып алдан тосады.

Асығып көрген пенде емен,

Өнерге басым кенде емен,

Бағалап жатса болғаны,

Әнімді  шырқар ел дегем.

Жазылып жырым, күйлерім,

Көңілден шыққан үндерім,

Көбірек қисам уақытты,

Өлең боп өтер түндерім.

Жазарым әлі көп менің,

Түседі еске өткенім.

Тақырып әлі табылар,

Өткен соң өмір өткелін.

Жанарым жанып ұшқынды,

Минуттар өтсе ұтымды,

Ән менен жырды  егіз ғып,

Қуантсам деймін жұртымды.

Ойларым көп-ау көлбеген,

Бабалар бар-ау жебеген,

Жеткізсем болды шабытты,

Қанменен көшкен, өлмеген.

Аталар жыры көл-көсір,

Жасырып жатыр өлке сыр.

Жалғасын тапса мол мұра,

Айтылар әлі елге сыр.

Жалындап тұрса жан-жүрек,

Жырларым тұрса ән тілеп.

Мендегі қалар мұңды күн,

Өмірім өтер сәндірек.

Жатқаны шықпай ой-ағын,

Күтпей-ақ қоям аяғын.

Жазатын жырлар көп ерек,

Түседі еске баяғым.

Жазыла берсе жақсы жыр,

Төгіле берсе әсер, нұр,

Көгеріп көктеу дер едім,

Өзгермей өмір әзір тұр.

Жалындай берсем жалындай,

Ән тербей алса жанымды-ай.

Жарқырай түссем жол ашық,

Арайлап атқан таңымдай.

               Алтын Иманбаева


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here