Түңіліп бұл өмірден,

Бекерге мұңға батпа.

Үйреніп ән әуенін,

Әсерлі жырды жатта.

Қақаған қысқы аяздың,

Ызғары  кетеді ғой.

Күлімдеп көктен күні,

Көктемің жетеді ғой.

Оянған табиғатпен,

Сен де оян, көзіңді аш.

Сезінгін көктеміңді,

Болсыншы көңілің жас.

Оятып жүрегіңді,

Жалында, жарқырай түс!

Қосылар өн бойыңа,

Қуаныш, қарқындай күш.

Тілдесіп табиғатпен,

Бәріне ғашық бол сен.

Жадырап сосын жаның,

Жақсыға асық бол сен.

Мұңайып мұңға батып,

Құр текке жасыма да,

Көңілің көлдей болып,

Бекерге тасыма да.

Келетін жаз өмірің,

Жарқын да жасын болсын!

Көңілің ақ бұлақтай

Арнадан асып толсын!

Жазыңда гүліңді тер,

Жадырап жарқырағын.

Айтылмай қойсын сенің

Көңілсіз, салқын әнің!

Келетін күзгі кезең

Мәуелі баққа ұқсағын!

Қаламың қолыңа алып,

Кей-кезде жыр ұштағын!

Затындай әшекейлі

Өмірің сұлу болсын!

Жүректе отың болса,

Жалындап нұр құшқаның.

Қыстың бір кереметі

Ақтықты паш етеді.

Көңілің тазарады,

Жаныңды жас етеді.

Табиғат мезгілдері

Құбылар түрленумен

Жапырақ көктемдегі

Жайылар бүрленумен.

Сондықтан гүл өмірді

Батырма мұңға мүлдем!

     Алтын Иманбаева


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here