Ілиястың батасы   

     

Білсеңдер, енді, тұншығып жатқан ойларды,

Тебіреніп көріп түсірдім өлең-жырға еркін.

Күтемін алдан  көрмеген ерек тойларды

Көш алды болу әкеме берген бір сертім.

Келемін, міне, арманның еріп соңынан,

Үміт те өзі қолтықтап жанды демейді.

Тілерім менің айым да туып оңымнан,

Өнерлі жан деп халқым бір сүйіп елері.

Жырларым жазған жаныңа шипа болса егер,

Нәр алып рухың әсері болса деп едім.

Қасиет біткен асықпай келіп қонса егер,

Бақытқа кеудем, шаттыққа толса деп едім.

Жүретін жолдар ақ сағым ойнап шақырар,

Үзілмей қалса, ұзаққа, сірә, созылса,

Арайлы күндер алда әлі талай атырар,

Ойларым өрім өзендей басы қосылса.

Жыр арнап желеп аруақ ақын қолдайды,

Ілияс атам Ақсудан шыққан ақиық.

Жортып ем түсім ақ болса құдай оңдайды,

Бақыттан соғып басыма қояр бақ үйіп.

                         Алтын Иманбаева


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here