Ей, жас ұрпақ!

Ей, жас ұрпақ бұл шынымен қайткенің,

Көңілімді қалдырғандай айтқаның?!

«Мен қазақша сөйлемеймін» дегенде,

От басыңның аңғарттың ау – жайыттарын!.

Атың ды әсем – Әмина деп қойыпты,

Кім біледі, бір жақсыға сайыпты?!

Орыстанған санаң емес, бәріне

Орыс қылған әке – шешең айыпты!

Тыңда қалқам, қазақ деген халық бар,

Атақ – даңқын барша әлемге танытқан!

Бір жанына тығып алып шақшасын,

Ол кезінде қой бағатын жарықта.

Жылқы бақса, қымыз ішкен балдайын,

Шұбатпенен жібітетін таңдайын!.

Науырызда көже жасап, ақ нанды

Қасиетіне балап өткен ардайым!

Қазақ қана, жадыраса жаз болған,

Жақынына, достарына назданған.

Намыстанса, тау қопарған бой бермей,

Алдап жатсаң, жоқ нәрсеге алданған.

Анау жерде, әжең сиыр сауатын,

Анау тауда, қыран қанат қағатын!

Анау белде, киіз үйлер тізіліп,

Әнші – ақындар өнерлерін салатын!

Домбырасын ұстатсаңыз күйшіге,

Бізден шыққан, ақын батыр, бишілер!

Қобызды алсаң күңіренеді боз інген,

Ботасының зарыққандай исіне.

Айтшы Аминә, өкпелісің неге сен,

Өткенді айтып, терең ойға бөлесем,

Шығар ма едің атаң шыққан биікке,

Айтып жатқан сөздерімді елесең,

Халық күші – бірлік пенен сенім де

Білесің ғой, қалқатайым өзіңде!

Шет ел келіп, аңыз болған ЭКСПО – ның

Тойланғанын Сарыарқаның төрінде!

Елбасының жолдауында – ел қамы,

Ашық, айқын мақсаттарды таңдады,

Кеше ғана полигонды жаптырып,

Қазағымның орындалған арманы!

Қазіргі ұрпақ білім алып шет елден,

Қазағымның мәртебесін көтерген.

Төраға боп Қазақстан БҰҰ – ға да

Әділ билік айтуға да төселген.

Сен менсінбей жүрген бұл ұлы тілді

Ешкім мақсат тұтпаған ұмытуды.

Халықытың ықыласы сол бір тілге

Ғашық қылған Африкалық жігітіңді.

Астана тұр қасқайып, ажарланып,

Қызығы көп, барсаңыз базарланып,

Гүл қала, тәуелсіздік символындай,

Қарсы алады алдыңнан фонарь жағып.

Биік – биік ғимарат бой көтерді,

Биік – биік мақсаттар ойға келді.

Кешегі ұрпақ өткерген азаптардан,

Бүгінгі ұрпақ таусылмас тойға келді.

Өткен кеткен мұралар ескерілді,

Бүгінге дейін қанша істер еңсерілді.

Тарихына қазақтың тағзым еттік,

Жаңалықпен тағы да ол көмкерілді.

Тұрған шақта Ел таңба төрімізде,

Сақталады тыныштық елімізде!

Жылдар өтер, мақсаттар жаңарады,

Тырысармыз шаршамай өзіміз де!

Аман болса Ел басы, Ел – тірегі,

Қан жыламас қазақтың көкірегі.

Ел Орданы жаңғыртқан барша әлемге,

Жасасын, бұл жаһанның еркін Елі!!!

Ей, Амина өткенің мен кеткенің,

Ол дегенің бүгініңе жеткенің!

Сен де мақтан қазақ үшін қаймана,

Өз тіліңнің жоғалуына жетпегің!

Таусылғанша кеудедегі от демім,

Ей қазағым, армандарым көп менің!

БақытыҢа сеніп жүрген шағымда

Осындайлар мені мұңды етпегің!

Астанаға қарап тұрып алдымнан,

Шақырады таңғажайып көктемім!!!

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here