Жомарт жүрек

Махаббаттан жүздері жарқыраған

Дүниеде бар нағыз жарқын адам.

Талай көлгір кетсе де көрмей өтіп

Бұрылып кеп қасыма қал сұраған.

Сенсің нағыз қарағым, алтын адам!

 

Сенсің нағыз адамның көрегені

Жомарт жүрек сезімнің берегені.

Сұлумыз деп суреттей сырға таққан

Сенен алсын бойда жоқ өнегені.

 

Көздеріңнен айналдым жалт қараған

Жоқтан аман, жүргейсің оттан аман.

Күлші осылай жарқылдап, мұңсыз қалпы

Адалдықтан күйіңде аттамаған.

 

Сол сезім ғой бойыңа қан жүгірткен

Адам болып аңсаумен таңды күткен.

Қуанушы ең көргенде жеңісімді

Кей сәттері шаршасам шалдығып мен.

 

Тілекшісің білемін, мен де саған

Жақсылықты жасаудан танбас адам.

Бақыт тілеп тірі жүр қалқам солай

Мәңгі өлмеуге адамдай қам жасаған!

                                                   25.05.2016

                             ***

 

Сенемін ғой, сенемін адамдарға

Сенбейтіндей адамға амал бар ма.

Тіршіліктен еңсесі түспей өтсе

Одан өзге не керек адал жанға.

 

Тұрады аңдып адамды күдік деген

Белдесуге бел шешіп үмітпенен.

Көңіліне бүкпесіз сыр жасырмас

Адамдарға ақжарқын күліп келем.

 

Өмір өзі тұрған соң сынақ алып

Шын досқа да сенесің сынап алып.

Шын сеніскен кей-кейде досың түгіл

Бір туғаның жағаңнан тұрады алып.

 

Өмір өзі күйретер алдамшыны

Мәлім болып жасырған жалған сыры.

Өлген күні өлмейді өледі адам

Сезілгенде тірліктің жалғандығы.

Сеніп жүрген күндегі қымбат жандар

Алдап кетіп сенімсіз қалған күні.

 

О, жаратқан айырма сенімдерден

Тарамасын ақ сенім көңілдерден.

Сеніп жүрген өмірде адамдарға

Сенуменен өтейін өмірден мен.

                                       30.05.2016


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here