Биыл – ұлттық музыка мәдениетінің мақтанышы – Құрманғазы  атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің құрылғанына 85 жыл болады.

Ұлттық өнер ордасы қазіргі уақытта Ресей еліне гастрольдік сапармен баруға  дайындық үстінде.

Қазақ оркестрінің Ресей Федерациясындағы алғашқы концерті 3 мамыр күні Мәскеу қаласында, атақты «Геликон-Опера» сахнасында өтеді деп жоспарланып отыр. Ал, келесі концерт – 5 мамыр күні, Санкт – Петербург қаласында, Михайловский театр сахнасында жалғасын табады.

Концерттік бағдарламада орыс халық әндері, қазақтың Құрманғазы, Түркеш, Үкілі Ыбырай, Нұрғиса Тілендиев сияқты аңыз тұлғалардың шығармалары, Евгений Брусиловский, Петр Чайковский, Василий Соловьев – Седой, Джоаккино Россини, Антонио Вивальди, Леонард Бернстайн, Луиджи Ардити сынды шетел композиторларының туындылары орындалатын болды.

Ұлттық өнер аспандайтын кеште – ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, қазақ өнерінің қайраткерлері Мирас пен Құралай, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Кайрат Какимов, Сатжан Шаменов, Әсел Рахымжан және Әлібек Әлмадиев өнер көрсететін болады.

Оркестр Мәскеу мен Санкт – Петербург қалаларынан кейін Батыс Қазақстан облысына ат басын бұрмақ.

Толығырақ:

7 мамыр  – БҚО, Теректі ауданы, Мәдениет үйі, сағат 18.00

8 мамырОРАЛ ҚАЛАСЫ, «Жастар сарайы», сағат 19.00

9 мамырБҚО, Сырым ауданы (Жымпиты), Мәдениет үйі, сағат 15.00

10 мамырБҚО, Казталовка ауданы, Мәдениет үйі, сағат 17.00

11 мамырБҚО, Жаңақала ауданы, Мәдениет үйі, сағат 12.00

11 мамырБҚО, Ақжайық ауданы, Мәдениет үйі, сағат 18.00

12 мамырБҚО, Бәйтерек ауданы, Мәдениет үйі, сағат 12.00


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here