Несіпбек Дәутайұлының «Аты жоқ әңгіме» шығармасы туралы

Қолым қалт босай қалса,кітапханаға барып уақыт өткіземін. Көптеген кітаптарды ұстап көріп, әр барған сайын жаңа туындыны оқып көргім келеді. Мендегі бұл қызығушылық ешқашан таусылмасын деген ниетте,бүгінде бір кітапты оқып көргім келді. Мұқабасның жаңа екенін қарап, екі нәрсені аңғаруға болады. Оның біріншісі жарық көргеніне көп болмаған кітап екенін білдірсе, тағы бір дүние кітап парақтары мүлдем ашылмағандай қалыпта. Демек бұл кітап әлде бір рет болсын оқылмаған. Мүмкін менде оқымас едім,алайда кітап аты мені өзіне қызықтырып қойды. «Аты жоқ әңгіме» деген жазуды оқып, көңілімде көптеген сұрақтар туындады. Сол сұрақтарға жауап табу мақсатында көлемі шағын шығарманы бірнеше минуттар ішінде оқып шықтым. Автордың шығармаға не үшін атау қоймағанын да түсінгендеймін. Қазақ халқын ойлаған екенғой деп ойладым. Қазақта «өлімнен ұят күшті» деп бекер айтпаған ғой. Егерде осы шығарма дәл қазіргі уақытта жазылар болса, қоғамда «хайп» тудырар атау алар еді-ау….Менің түсінгенім кез-келген автор тек өзін ойламауы керек,басқалар ойын яғни қоғам ойын ескеруі шарт. Және бір айта кететін жәйт сол уақыттағы қоғам шындығын бейкүнә бала көзімен оқырманға таныту да бір өнер деп білемін. Барлық іс-әрекетке де жан-жақты қарауды түсінуге көмектеседі. «Сенде иман жоқ» – бұл сөздің мағынасы тым тереңде жатыр.Шығармада соны түсіндіре келіп, имансыз жандардың қандай жаза алғандығы жайлы да өмірден мысалдар келтіріледі. Туынды соңында баяндалатын оқиға жайлы, әркәм өзінше нүкте қояр деген үмітте автор оқырманға қалдырады.

Дәл қазіргі уақытта бізге керек қасиеттердің бірі де осы – иман деп ойлаймын. Сөз соңында сізге де осы шығарманы оқуға кеңес беремін,имансыздар қылығын көріп, иманды болуға талпыныңыздар дегім келеді…………..


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here