Бір сыр айтып бастаймын әр кез солай,

Біраз мұңыңды айту, сірә, болмас оңай.

Жабырқаулы жан дүнием ақтарыла,

Жайып салады кей кездері дәл осылай.

 

Өмір сүру – бұл дегенің кем бір дүние,

Кемшіліксіз болмайды ғой тың дүние.

Сол бір заңға бағына алмай кейде біраз,

Жүйкемізді жұқартамыз жынды күйде.

 

Адамдар бар сені дұрыс түсінбейтін,

Оқшауланып өз алдына жүрсін дейтін.

Қайда барып, кімге айтам бұл сырымды,

Ішке сақтап қалам тағы құрсын деймін.

 

Сөз түсінбес адамдар бар айтсаң жақсы,

Аңдып тұрып тап беретін сөзге сақшы.

Жөнін айтсаң өзіне кеп оң-бұрысын,

Қабыл етпес, құлақ аспай сынды басшы.

 

Қит еткенге ренжитіндей мезгіл жеткен,

Бұл жандардан асыл мінез, көңіл кеткен.

Сабыр тағы имандылық ізімен жоқ,

Бір біріне сөгіп сөйлеп, етіп өктем.

 

Осындай да көңіл кетеді біраз жанға,

Қарап тұрып қынжыласың, амал бар ма?!

Бір Алладан сабыр тілеп, жалбарынып,

Көмек сұрап, мадақ айтып Жаратқанға.

 

Неде болса көнеміз ғой сабыр сақтап,

Айтар ойды жинақтап, сөзді саптап.

Мән берместей түрді салып атырапқа,

Жәй сыйласып кетейікші қылмай батпақ.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here