Туған жер

 

Туған жерге барып қайтқым келеді.

Поезбенен бір күншілік жер еді.

Тар вагонда дала желін сағынып

Отырған сәт еске түсе береді.

 

Осы жолмен қаншама рет бардым мен.

Сапарлас боп сырлас та боп әркіммен.

Туған жерге белгісіз күш тартқан соң

Жиі келіп жүретұғын болдым мен.

 

Айлар салып жиі келем бұл елге.

Қиын кезде қақым бар ма жүдеуге.

Ата жұртта еркін тыныс алған соң

Ел де бүгін еңсесі өсіп түлеуде.

 

Алған қанша қазынам бар бұл елден

Кездерім көп сүрінгенде сүйенген.

Әр шоқысы, әрбір тасы сияқты

Осы өлкенің адамдарын сүйем мен.

 

Мұнда келсем бөгде ойлардан арылам.

Балалық пен бал күнімді сағынам.

Әрбір тасын жаратқанның көзі деп

Күніне де, айына да табынам.

 

Суын ішіп тау мен тасын шарлаған.

Осы мекен маған мәңгі  арман ән.

Бар асылын ұрпағына сақтайтын

Бабам оны біздер үшін таңдаған.

                                                   23.3.2011

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here