Жоғалған ауылда жазылған жыр 

 

Көргім келді,

Бетегелі, жусанды қырды байсын,

Сезінесің мендегі мұңды қайсың?!

Ей сағыныш.

Неге жүрегімді ұрғылайсың?!

 

Көргім келді.

Құлаған үйдің орынын,

Жалғыз талдың тентек жел қиды ма өмірін?!

Қайтымсыз, қамырықты.

Шертесің  күйді көңілім.

 

Көргім келді,

Аспанын осы маңның, тауын, гүлін.

Шақырым жеңіп, өзіңді сағынды ұлың.

Ауылдас, көзтаныстар моладағы.

Өлтірді бәріңді кім?

 

Сенгім келді.

Бұл жерден бір бақытты тапқаныма,

Ұзақ қарап түнгі ауыл оттарына!  

Қыр қызының қыраулы терезесін, 

Имене қаққаныма! 

 

Өргім келді,

Өлең етіп таңдарды манаураған,

Қайта оятып шақтарды оралмаған.

Өкінішімді келіп пе ем кетем бе деп,    

Табыстап саған далам! 

 

Келгім келді. 

Құлазыған көруге торғын белді.

Кім күзетер жүдеген шерлі іргемді!     

Қайран мекен ошағы алаулаған.

Сөндің бе енді?!     

Олжас ҚАСЫМ 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here