АНТОНИМ ӨЛЕҢ НЕМЕСЕ КЕКЕСІН ЖАУАП

Әйтеуір құмарсың ғой кекесінге,
Мұқатқаннан мақсатқа жетесің бе?
Қотыр атқа, соқыр ат болайын ба?
Жауап берем жайыңа кетесің бе?

Талай қыздың қаламын обалына,
Түсемін тоғыз жолдың торабына.
Дәнегі жоқ бидайдай кекірейіп,
Көтеремін кеудемді жоғарыға,

Жүрегім де болады сұм секілді,
Жігерім
де болады құм секілді.
Сауық пенен сайранда пайда болам,
Құмырадан шығатын жын секілді.

Кірәсін мен нашаға қатып алып,
Тышқанның насыбайын атып алып,
Тегін тұрған жұмақтан аттап өтіп,
Жүрмеймін бе тозақты сатып алып.

Серісі де боламын әр арудың,
Серігі де боламын әзәзілдің.
Сараптама болғанда оң жағынан,
Сол жағын ауыр қылам таразымның.

Білім менен ғылымның керегі не?
Бір құмалақ пайдасын береді ме?
Мен жасар жақсылықтың керегі не?
Күмәнданам сырттан ел көреріне.

Шайнамай-ақ күн кешем бармағымды,
Нәпсіме арнап саламын бар малымды.
Жүзеге де асырмай арманымды,
Армансыз-ақ атырам таңдарымды.

Тапталып қала берсін намысымда,
Қоян болып өлейін қамысыңда.
Абайдай “ақылсыздан жеңілдім деп”
Ақ ту қадап қойдым мен, разысың ба?

 Бағжан Бақбергенұлы


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here