Бірінші ұққаным – бір сөзіе тоқтамас, бір ойыңды құптамас әрі дәукес, әрі есер бәз біреулер бар. Оларды жеңетін екі амалың болады;

бірі үндемей қоя салу,

екіншісі әбден қызыл кеңірдек болып өзіңдікін дәлелдеп, ең соңында өз өзіңе дұшпан табу

Сол дәукестердің дуылдап тұрған заманы бұл. Білмегеніңді үйренемін демейді, үйретемін дейді…Білмеймін демейді, барлығын да білемін дейді..

Бірақ мен тура айтқышпын деп жүріп олардың масқара болатыны да анық.

Масқара болғанның өзінде де – олар оңайлықпен дегеңіе көне бермейді. Олар жалындап кеткен от тәрізді. От барлығын шаладан бастап, соңын алапат етіп өртеп, ең соңында бүлдіріп тынады ғой. Бұлар да сол сияқты.

Кейде сол дәукестер жұрт арасын ушықтырып, іріткі таратуға керек болып қап жатады .

 Сондайда, сен өз дегеніңді айтып көр… Сен кеше былай дедің, бүгін неге мүлдем басқаша айтып жатсың деп көрші…Ол кезде ондайлар өзіне қарап бір қарсы сөз айтқандарды жақтырмайды.Ал сөйлей қалса бет бақтырмайды….Айта қалған сенің ащы сөзің, немесе ашық ойың оның саған деген өшпенділігін қоздырады.

Міне дәл осындай адамдар жыртқыштанда қауіпті…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here