Notice: compact(): Undefined variable: context in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: file in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: post_mime_type in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: ID in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: filter in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Жуырда, мамыр айыны 17- күні, Республикалық «Айтқыштар Ақтөбеде» фестиваліне қатысып, «Терісқапай» театры «Көрермен көзаймы» номинациясын иеленсе, осы театрдың жас актрисасы Арайлым Берікқызы қазылар алқасының бір ауыздан шыққан шешімімен «Үздік әйел адам ролі» номинациясын иеленіп, бір фестивальде «Терісқақпай» қоржынына екі бірдей жүлде байланыпты! Театр режиссері Асқар Наймантаев:

  • Өзім осы фестивальде қазылар алқасының төрағасы болып отырдым. Өз театрыңа «мына жүлде лайықты» – деп осындай кезде айта алмайсың ғой. Оның үстіне фестивальге қатысқан «Екі езу», «Ара» Атырау», «Шапалақ» сынды театрлар, Дархан Дайырбек, Асқар Көмекбаев сынды актерлар, Мұхтар Шерім сияқты қырағы сатириктер қатысып, қызықты ойындар, тартымды тақырыптар елді қыран-топан күлкіге бөлеп жатқанда өз театрың үшін күйінсең де өзгелердің алдында адал шешім керек. «Үздік театр», Үздік қойылым», «Үздік автор» сияқты бас жүлделер де бар. Шешім қабылдауға келгенде қазылар алқасы бар театрдың сынын, сипатын менен естігісі келді. Ойымды ортаға салып, өз театрым жайлы үндемедім. Негізгі жүлделерді де өзге театрларға лайықты деп, кәсіби тұрғыда талдап бердім. Өз театрым жайлы қысылып отырғанымды сезген алқа мүшелері: «Сіздің жас актерларыңыз кәсіби деңгейде алып қарасақ өзгелерден көш ілгері, мазмұн, тақырыбын былай қойғанда сахнада жүріп-тұруы да өзгеше, пластикасы да ерекше екенін көрсетті. Актерлық шеберліктің басқадан көрмеген артықшылығын, оқыған, тоқыған актердың қалай екенін танытты» – деген баға берді өзгелер. Ақыры келіп «Көрермен көзаймы» жүлдесіне тоқтадық. Ал, актрисамыз Арайлым Берікқызы жайлы тіпті пікір талас та болмады. Арайлымның сахнада ерекше сымбатты, еркін қимылы, актерлық шеберлігі айтыла келе, «Шпагатқа отыра сала бірден қарғып тұрып, әдемі билеп жүріп алқынбай, шаршамай сөйлеп жүргені шебер актриса екендігін көрсетті! Сөзі де таза, көркі де сай, өзге театрлардағы қыз-келіншектер «актер шеберлігінен» дәріс алмағаны осындай білікті актрисалармен қатар шыққанда байқалып қалады. Арайлым сахна сыртында да өз-өзіне кәсіби актриса ретінде грим жасатып, іштей дайындықта жүргенін байқадық» – деп, қазылар алқасы «Үздік әйел адам ролі» номинациясын тағайындады. Фестивальде өзге театрларда да бес қыз ойнап, екі ер адам да әйел образын сомдап еді. Сол бәсекелестерден асып түскеніне қалжыңдай отыра қуандым. Арайлым өзінің атына сай сол күні фестиваль сахнасының арайы, жарық сәулесі болды! – деп, театрдың жаңа жетістігіне баға берді.

Қазақ эстрада өнерінде өзіндік ерекше орны бар «Терісқақпай» театрының қайта жандануына көрермен де қуанары сөзсіз. Алматының көптеген театрларының қатарында әлі де атынан ат үркетін, көкірегімізде көңілді кештері сақталып қалған театрдың қайта келгені құтты бола берсін! «Терісқақпай» үшін бұл жүлде аса таң дүние емес шығар, ал, үлкен өнерге қадам басқан театр жастары мен Арайлым Берікқызы үшін келешектегі үлкен жүлделердің алды болсын!


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here