Ұлтының болашағына ойлап, кейінгі ұрпаққа жанашыр бола алатындар ғана мецанаттық  қызмет  атқарған атымтай жомарт тұлғалар болғаны тарихтан   белгілі. Ежелгі Қытай ойшылдарының бірі Коң Фудзыға қандай арманыңыз бар деп сұрағанда: «Қарттарға пана болсам, жастарға жаға болсам, достарға пейіл бұрсам», – деген екен. Ол мыңдаған аспан асты елінің ұрпақтарын өз қаражатына ілім-білімге оқытып-тоқытып, арнайы даналық сабақтарын өткізіп тәрбиеледі. Ғұлама ғалым Альберт Эйнштейн: «Қайырымдылық, сұлулық және шындық – менің өмір жолымды нұрландырған, менің көңілімде қайта-қайта қуаныш пен батылдықты туындата беретін мұраттар, міне, осылар» деп айтқан екен. Олар өз бақытын «халқым» деген ұлы армандарының жүзеге асуынан тапты.

   «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген. Біз сөз еткелі отырған меценат жас болса да талантты жастарға қолдау көрсетуді игі дәстүрге айналдырған Ержан Тәтішев атындағы  Қоры білім гранттарының түлектерін марапаттау кешін өткізді. Айта кеткендей, аталмыш білім гранттары мүгедектігі бар балаларды және аз қамтамасыздандырылған отбасылардан, сондай-ақ балалар үйінен шыққан талантты жастарды анықтап, олардың сапалы білім алуларына қолдау көрсетуді мақсат тұтқан. Дәулетті қайырымдылықпен ұштастыра білген меценат 2005 жылдан бастап «KUSTO GROUP» әртараптандырылған компаниялар тобы  директорлар кеңесінің басшысы Еркін Тәтішев қайырымдылық жасаумен айналысып келеді. Ержан Тәтішев Қоры пайда түсіруді көздемейтін қоғамдық қайырымдылық ұйым. Қор 2005 жылдан бастап қайырымдылық саласында қызмет жүргізіп келеді.   

   Меценат өзінің қыруар қаражатын халқымыздың талантты жастарының тегін білім алуына,  ғылымның дамуына және бақытына жұмсады.    Қарапайымдылықтың шынайы үлгісі осы шығар! Бұл – Еркін мырзаның өмірден түйгені, көргені, ұстанымы!

«Біздің Қор – жас, сондықтан да өзіміздің корпоративті мәдениетімізді, дәстүрімізді қалыптастыра келе, біз өсу, даму үстіндеміз. Бүгінгі кеш өте маңызды. Он бес жылға жуық ойы жүйрік, қимылдары ширақ, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті мендей жеке тұлғаны қалыптастыруда ата-аналардың, Қор басшыларының, серіктес-университеттердің еңбектері орасан зор. Қор өз тарапынан әлі де еліміздің болашағына үлкен жауапкершілікпен қарайтын, елінің болашағын ойлайтын, нағыз ер-жүрек жастарды тәрбиелеп, талай тұлғалы білімді ұшыра беретініне кәміл сенім артады», – деді Қордың президенті Дана   Жарықова.

   Ержан Тәтішев қорының шәкіртақысына ие  болған алты студентке құрмет көрсету салтанаты қордың серіктес ұйымы ALMAU университетінде өтті.  Биыл Бітіруші алты студент AlmaU, КИМЭП,  Сүлейман Демирел атындағы университеті және бірқатар колледждерінің қабырғасынан түлеп шықты.  Салтанатты кеште түлектер Қордың  халықаралық статус бар беделді білім ордасында студенттік бақытты шақты сыйлағаны үшін және олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қамқорлық көрсеткені үшін шексіз  алғыстарын айтты.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here