Айна мен Серік бақытты жұптар болатын. Бірге жастық шақтарын аса махаббатпен өткізді. Бір қызығы екеуінің де отбасылық жағдайларында қатты ұқсастық бар, яғни әкелерінің есімдері және туған күндері бір күнде , сырт келбеттері де шын ғашықтардай момақан бейнеленген. Оларға барша ауыл жастары сүйсіне қарайтын…Арада біраз уақыт өтіп қыздың денсаулығы сыр бере бастайды. Жылдар мен айлар өтіп ауыл мектебін «Алтын белгі» төсбелгісімен аяқтаған. Армандаған алып шаһар-Алматыға оқуға түседі. Десе де,ауылдағы ғашығына уәде беріп,екеуінің түптің түбінде қосылатының айтады. Серік Айнаға сенгенмен,оны алысқа жібергісі келмей қимай тұрады. Жігіт ата-анасына қыздың үйіне барып,қазақ ырымына сай алдынан өтіліп құлағына сырға салуын өтінеді. Анасы шешімді қабылдап қызды үйге алып келуін,әуелі таныстығымыз болсын деген ниетте шақыртады. Серік Айнаны әзер көңдіріп, үйіне алып келеді. Қыз- ауқатты болғанымен,анасы жалғыз өсірген әкесі тастап кеткен десе-ді. Сондықтан болар жігіттің анасы қызға әртүрлі сұрақтар қойып,сынға алады. Соңында қыздың жүрегін ауыртып, «мен сені «келінім»-деп қабылдай алмаймын,айналайын,өз жолынды тап»-деп үйінен шығарып салады.Артынша ұлына «қызды саған әкең тауып қойды,соған үйленесін ал,мына тексіздің қызымен жүруді тоқтат,өз жолын тапсың»-деп баласының бетін қайтарып,жастардың сезімдерін аяқ-асты етеді. Арада бір апта уақыт өтіп қыз бен жігіт бір-біріне мүлде қоңырау шалыспай,сөйлеспейтін болды,дегенмен біріне-бірі махаббаттары өшпеген еді. Қыздың Алматыға кетер күні де жақындады. Айна жолға дайындалды. Ертесіне кешкі пойызбен бауырлары мен анасының жанында қимастықпен тұрады. Әрі-бері қарасадағы жігіттің көлеңкесінде көрмегені жанына батады. Пойыз келді,қыз анасымен алмалы қалаға аттанды. Айна қалаға барып жаңа өмір бастап,ауылға дипломмен барамын деп өзіңе өзі уәде береді. Алматыға оқуға түсіп, үздік студенттер қатарына еңіп,армандаған Түркия мемлекетіне университетінен жолдама келіп,сол қалаға оқуға кетеді. Ол қанша жігітті ойламаймын десе де,жүрегіндегі махаббат оты сағынышы күшейе бастаған еді…Түркиядан да Қазақстанның атын шығарып, білімді жастар одағына кіріп,отанға биік мақсатпен келеді. Телеарналарға шығып,жеке компаниясын ашып,бауырларын қолына алып жоғары оқу орнына түсіреді. Туған жерін сағынып баруға асығады.Анасымен Алматыда жолығып,сағыныштарын басқанмен,ауылға асығады.Дегенмен,компаниясында түрлі қиындықтар болып кеткен соң соларды шешіп жүреді. Айна білімі арқылы көптеген жетістіктерге жетіп,атағы жер жара бастайды. Бойжеткен арманына жеткенін байқап,Аллаға алғысын білдіреді.Айна бұрынғы жігітін анасынан жәймен сұрап біліседі…Анасының айтуынша жігіт бір айдан соң қалалық қызға үйленбекші екен. Ал,оны Айна естіп өкпелеп,ойлана келе анасына бар шындықты айтады және «сол жігіттен басқаға тұрмысқа шықпаймын,не болмаса бала асырап аламын»-дейді. Анасы қызының алған бетінен қайтпайтының көріп,амалсыздан рұқсатын береді. Осылайша, балалар үйіне барып,ер бала мен қыз бала асырап алады. Арада 1 ай уақыт өтіп Айна балаларға үйренісіп, «анашым» деген атқа да ие болады. Жігіттің үйленетін күнінен бұрын қызға хабарласып, Айнаға деген махаббаты адал болғанын, қазіргі үйленетін қызды ата-анасы таңдағанын айтады. Қыз алғаш екеуінің кездескендегі уәделерін айтып,әлемді аралап келседе,қанша атағы жарып шықсада оны сүйетінің адал болғанын айтады. «Бақытты бол,жарынмен»деп телефон тұтқасын қойып, махаббатымен қоштасады. Қыз сол күні ауруханаға түсіп,хәл үстінде жатады.Бір қызығы Жаратушының өзі Серік пен Айнаның қосылғандарын қалағандай сол күні тойды түрлі сынақтармен өткіздірмей кейінге қалдырады. Жігіт той болады деген күні жол апатына ұшырап, Астана қаласына ұшақпен жеткізіліп ем ала бастайды. Қан көп кеткен,дәрігерлер қан беретін адам іздейді.Сол қаладан адамдарды тауып,жігіттің уақытша өмірін сақтап қалады.Дегенмен,жігіттің дене мүшесінің сынғанын,енді жүріп кетуі екі талай екенін айтып, емделу үшін шет елге баруын айтады.Барлық ақша тойға кеткен,ондағы кредитте жұмыстағы жалақысынан ұсталып отырады. Жігіт біраз уақыт Астана қаласында ем алып,Алматыға жолға шығады. Әр қаладан ем іздегенмен дәрігер айтқан қаражатты уайымдайды.Бірақ,олар шет елге ем алуға ақшаларының жетпейтінің біліп,Айнаны іздей бастайды.Қызды тауып компаниясына беттейді. Дәл қыз басқарып отырған жеке бизнес компаниясына келіп,жігіттің хәлін айтып,аламыз деп отырған қыздың отбасы бастартқанын айтып,жылағанда қыз не істерің білмей жігіттің анасына ол ақшаның барын айтып,жеке дәрігерлерден сұрастырып,оның аяққа тұрып кететінін айтады. Қыз жұмысын тастап,Серіктің анасымен үйіне келеді. Айнаның зәулім үйін көріп,таң қалып тұрғанда екі бала алдынан шығып,анашым дегенде анасы толқыныста қалады. Әртүрлі ойларға еңіп,қызбен шет елге дайындалады. Арада аз уақыт өтіп қыз жігітпен анасымен Стамбул қаласына ұшады.Ал, қыздың балалары үй қызметшілерімен қалады. Шет елден аман-есен ота жасап,отанға келген күні қыз жігітті үйінде өзі күтім жасайды.Айнаның балалары Серікті «әкешім»деп сыңғырлата айта береді. Үй қызметшілері Айна жұмыстарымен жүргенде,Серік пен оның анасына Айнаның осы уақыттағы қиындықтарын,балаларды асырап алғандығын айтады. Арада біраз уақыт өтіп жігіттің денсаулығы жақсарып,Айнадан анасы кешірім сұрап,айттырып келеді.Қыз анасының ақ батасын алып,жігітке ұзатылады.Сол уақытта қыздың шет елдік достары,Қазақстан жұлдыздары махаббатқа берік, мейірімді екенін таң қала айта бастайды. Қыздың ұзатылар сәтінде екі баласы ( туған бауырлар)ән айтып,шығарып салады. Үйлену тойы болып,қыздың ағалары бақытын тіліп,жігітке аманат етеді. Арада ай өтіп, қыз егіз баланы дүниеге әкеп,Алматы қаласына жігітімен асырап алған балаларымен тұрады. Екеуі намаз оқып, құда-құдағилар тату-тәтті бақытты әрі ел қызығардай отбасы болды.


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here