Бұлт торлады аспанды

Бұлт торлады аспанды тау мұңайып

Жапырақтар сөйледі қолды жайып.

Күн сәулесі жалт етіп соңғы үміттей

Қайтып келмес мекенге болды ғайып.

 

Тұман түсіп Алматы, Алатау жақ

Суық желмен сабылып барады аунап.

Қабақ түйген қара бұлт қамшы сілтеп

Қара жаңбыр көшеде салады ойнақ.

 

Арналардың толып қап су ағары

Өзен болып көшемен су ағады.

Терезеден қарап тұр бала біткен

Қызық болып біреудің құлағаны.

Су-су болып біреудің жылағаны.

 

Биіктен кеп қара бұлт төніп алған

От қылышын сілтейді жанып алған.

Қорқыныштан дірілдеп ару қала

Бұғып жатыр пақырдай жаны қалған.

 

Бөгет болып тасқын су арынына

Көше кезіп бұлақтар ағылуда.

Жылғалардан өзегін іздеп келіп

Арнасынан өзендер табылуда.

Көше кезіп бұлақтар ағылуда.

                                       23.05.2016

                     ***


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here