Екінші ұққаным….

Қоғам жайлы, жастар жайлы, ақша жайлы

Біз адамдар бүгінгі таңда алдымызға қойған мақсатты өзімізге пір етудің орнына, сол мақсаттың құлына айналдық. Арманымыз аласарды, ойымыз бұзылды.Бұрынғыларша дүниенің тұтқасын ұстап, кілтін іздеп табуға талпынбаймыз. Біздің мақсатымыз оқу , ғылым – білім емес, біздің мақсат- ақша.

Сол ақшаның құдіретінің күштілігі сондай сонау ой түкпірінде мақсатыңның өзін ақшаға салып жібер деген бір арам пиғыл жасырулы жатады.Өкініштісі сол мынау қоғамда ақшаң барда талтаңдап жүріп, қалағаныңды алып, өзіңе өзіңнің және өзгелер сенің қадіріңе жетіп тұратындай ақ көрінеді.

Рас, адамның осал бір жері бар ол үнемі өзін осынау дүниеден теперіш көріп, сонысы үшін тағдырын кіналап, біреудің өзіне жасаған жамандығын қалайда ұмытпай, көңіл түкпірінде сақтап жүреді , өзін әділетсіз дүниенің құрбаны есептейді. Міне осы жерде адам өзіне өзі шын әділетсіздік қылады. . Өкінішке қарай солай да…

Балауса, балғын шақтын аршынын енді аша бастайтын арманымыз бір қазыққа байланып қалғандай көрінеді. Себебі сен баратын жолда бір кедергілер пайда бола кетеді. Арманың асқақ болғанмен ата-анаңның сен үшін алған несиесі жолыңды да, қолыңды да байлап тастайтындай……Сол қазықтағы арманға сәл қолы жетпесе жастардың жігері де тез жаншылып, өрге ұмтылуды қоямыз

Бұл неден?

Себебі бір-бірімен бәсекеге түскен ұрпақ өсіп келеді.

Қазіргі баллардың өзінің айтатыны;

мен де анау бар, менде мынау бар деген намысыңа тиетін мақтан, далбасалық.Жоқ қолында болса мақтансын, айтсын.Бірақ ол оған қалай, қандай жолмен келіп жатқандығын ол бала білмейді де. Ол керсінше екінші біреудің өз дегеніне жете алмай, немесе дегенін қылдыра алмай күйініп тұрғандығын біле бермейді…

Бұрынғы данышпандар; әр адам өзінен өзі есеп алып, істеген ісіне есеп беріп отыруы керек деген.

Біз есеп бере қалсақ, соның артынша өзімізді өзіміз ақтауға асықпыз…

Қазіргі жастардың күйі қалай сонымен?…

Кешегі жас, Отан үшіні оқу оқыды, Отан үшін қызмеьт қылды. Отан оларға асқақ арманына жетуіне септігін тигізді. Оқу орынлдары тегін. Оқу бітірісімен баратын жұмыс орындары бар.Талантың болса шығатын шыңың да дайын. Қазір ша?!

Қазіргі жас ты биліктің өзі ақша табуға жақсы тәрбиелеп келеді. Шынтуайтына келсек, ақша үшін Кез-келген нәрсеге, кез-келген жағдайға дайцын. Өтірік мақтай салып, жағымпазданып, екіжүзденіп бос дақпырт атақ пен мансапқа жету үшін неден болсын тайынбайтын роботтар көбиіп келеді. Әлде олай емес пе?!.

Ал егер шындық жолымен қарасақ ше…

Қазіргі жас – ата анасына ғана керек.Олардан үлкен азамат жасайтын тек әке-шеше.

Оқуға түссе ақша, жұмысқа кірсе ақша, талантыңның өрлеуіне де ақша керек.

Міне содан да болар біз жастар, баллар ақшаның атқаратын ролін жақсы біліп алдық.

Көп ақша табу жолын қарастыра бастадық. Соның жолында құл ға айналдық. Өзімізді өзіміз жоғалтып алдық.

Отан, туған жер, ата-ана, салт-дәстүр, иба, ұят, осыдан кейін көлеңке тұста көлегейленіп қала берді. Біз кімге айналдық?Немесе кім болып бара жатырмыз?

Біздегі қоғамның азғындау тұсы осы ма деп қалам? Санамда сан сұрақ, соған отырып жауап іздеймін.Қанағат, сабыр, шыдам желге ұшты….


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here