Құс қанаты

Кейде өзімді көргендеймін аралдан.
Жаным менің көк аспаннан нәр алған.
Өмірімді өзім ғана ала алғам.
Пәктік үшін жер бетіне оралғам.

Жаралғалы аулақ қаштым сараңнан.
Сырықталып, сынамалар жараннан.
Кеңдік үшін кемшілікті кешіріп,
Бұл жалғаннан жақсылықты ала алғам.

Фәни маған беріпті құс қанатын.
Самға, балам, қиыр құзға, талатын.
Пенде болып, жүре алмассың, білемін.
Бір сен үшін мен өзімді тіледім.

Бақи маған мекен болып, қала ма.
Әлем өзін – өзі үшін жара ма.
Кеңістік боп, түзіле бір ала ма.
Әлде осылай жер бетінде қала ма.

Қанат қағып, ұшар Пегас пырағым.
Муза келіп, сипағанда маңдайдан.
Көк аспанда бүркіт қанат қаққанда
Суырылар таза балым таңдайдан.

Айнаш Маукен

Жүрегімнің жалт еткендей жанары.

Күнім келіп, орнағандай көгіне.
Жүрегімнің жалт еткендей жанары.
Notice: compact(): Undefined variable: context in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: file in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: post_mime_type in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: ID in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Notice: compact(): Undefined variable: filter in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/post.php on line 3387

Ерекше бір көрік беріп реңіме
Бұл жалғанда жаным жанып барады.

Сансыз сәуле тербеледі әлемде.
Ғарыш нұры аялайды жер бетін.
Жалғыз жанды сақтай алғам санамда
Салыстырып көрген емен келбетін.

Алтын ғасыр құшағына ала ма.
Аялай ма, адам болып қала ма.
Қара түнек сейіледі түбінде 
Моцарт келіп, жаңа әуен сала ма.

Айнаш Маукен

Мұрсат

Өмір-өрнек мән болып, көңілге кеп, қона ма.
Көкте жаққан алауың солғындай ма, сола ма.
Ие болмай өзіңе, күйіп-жанып өтерсің.
Бұл фәнидің сырына тек бақида жетерсің.

Аяласаң барыңды, жүре аларсың адам боп.
Табалама ешкімді, бұл жалғанның түбі шоқ.
Ақын – семсер, жаныса, жалт етеді жанары
Біле алмаған қадірін, таз қалпында қалады.

Өнер туар өнерден, асып-тасып ернеуі.
Дана өтер жалындап, қысып өтер кернеуі.
Қарақшы да айналар әулиеге бір сәтте.
Тек ниетке берілер мұра – мұрсат – бейнеуі.

Айнаш Маукен

 

Бейдауа рухқа…

Бейдауа рухқа дуана өмір не берер.
Бере алсаң өзің, тіктелер еңсең, көгерер.
Жарқырап, жанған атқарып сансыз алыпты
Әз демін алып, бағзы бір шарың дөңгелер.

Беймаза жанға берілер ерек бір қалып.
Мәңгілік мұздар өткізе алмас ызғарын.
Ғасырлар бойы жия алған жалғыз байлығын
Кетеді беріп, өтеді өзін мың қарып.

Айнаш Маукен

Фәниде ізін қалдырар

Өзіңді табу шарт емес мынау жалғанда.
Таба алған өзін, бәрібір өтер арманда.
Ұшығын ұстап, берілген жалғыз жібіңнің
Өткінші өмірде мәңгілігіңе сыр жалға.

Жолдама алып, келеді әркім өмірге
Ұмытқан өзін айрық жолда ажырар.
Берілген барлық мүмкіндік-серттен бас тартпай,
Әлемін түзген фәниде ізін қалдырар.

Айнаш Маукен


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here