Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Илияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы қадірлейді, ұмытпайды.

Қайым Мұхамедханов

ғалым, абайтанушы, ақын, жазушы,

 драматург, әдеби аудармашы

 

 

Ұлы ақын Абайдың алғашқы кітабын 1909 жылы жеке кітап етіп бастыртып шығарған Кәкітай Ысқақұлы Құнанбаев. Ол Абай ағасының жанында жиырма төрт жыл бойы жүріп, тәлім-тәрбие алды. Кәкітай Ысқақұлы жазған жазбасы шағын ғана болғанымен, дана Абайды танытатын құнды деректер келтірілген.

Данышпан Абайдың құнды мұрасын  өз баспаханасында шығарған түрколог ғалым, әрі баспагер Илияс Бораганскийдің есімі ерекше аталады. Ол 1909 жылы Петербург қаласында өзінің баспаханасынан басып шығарады.  Кітап «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» деген атаумен шығады. Алғашқы бетінде «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбай ұғылының өлеңі. Бастырған: Кәкітай, Турағұл Құнанбайұғландары. СПБ., Восточная электропечатня И.Бораганскога, 1909» деп жазылыпты. Борганский бұған дейін де 1905 Шоқан Уәлихановтың шығармаларын, кітап етіп басып шығарған. Дәл осы кітаптың көшірмесі қазір Ұлттық академиялық кітапхананың қорында сақтаулы тұр.

Ильяс Борганскийдің баспаханасында орыс, араб, түрік, парсы тілдерінде көптеген кітаптар басылған. Оның баспахан ашудағы мақсаты әуелде күнін көріп, кәсіп жасау үшін емес, халықтың рухани мұрасын жинақтап, ұсыну болатын.  Кітап басу ісіне бар жан-тәнімен беріліп, өзін іскер адам ретінде көрсете білген. Бұл туралы ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедханов «Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бораганский» атты кітабында былай деп жазады:

  • Араб тілінде кітап басып шығарып, өзінің баспахана ашуға рұқсат алып, кітап басу ісіне жан-тәнімен беріліп кетеді. Бірақ, басқа тілдерде де кітап басып шығарып, қанша талаптанғанымен қаражаты жеткіліксіз болғандықтан әуелде баспахан ісі ойдағыдай өркендеп кете алмайды.

Ғалымының бұлай деп айтуының сөзінің жаны бар. Себебі, ол Петербург қаласында мұсылман баспаханасын ашқан алғашқылардың бірі болды.  Мекемеге көптеген тапсырыстар түскенімен, жұмыстың одан әрі қарқындап дамып кету ісі төмен деңгейде болды. Десек те, Бораганский баспаханасы мақтау медалъдарға да ие болыпты.  Осы туралы Қ.Мұхамедхановтың пікірі төмендігіше:

  • Бораганский тек қана баспахананың қожасы емес, ол өз ісінің маманы, өнерпаз, білімді адам. Ол – өткен ғасырда Петербрг университетінде шығыс тілінен лекция оқыған ғалым-оқытушы, орыс-ғалымдарды қадірлеп, сыйлаған өз заманындағы көрнекті мәдениет қайраткері.

Деректерге сүйенсек, Илияс Бораганскйи өмірінің соңғы елу жылын баспада қызмет етумен айналысқан. Халық үшін еңбек еткен интеллигентер қатарында болды. Әріптестерінің арасында сыйлы, кішіпейіл, мейірімді, қамқор болғаны айтылады. Тағы дол сол Қ.Мұхамедхановтың «Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бораганский» атты кітабындағы деректерді келтіре кетсек.

  • Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғашқы кітап етіп баспадан шығарған –  Илияс Бораганскийдің есімі мен еңбегін қазақ халқы қадірлейді, ұмытпайды.

Илияс Бораганский туысқан қазақ және башқұрт халықтарының ғазиз досы болған азамат, әржақты білімді, мәдениет қайраткер, үлкен гумманист, интернационалист. Илияс баба Бораганский туралы осы мақаланың жазылуына жөн сілтеп, жол көрсеткен, ақыл – кеңес берген ардақты әз ағамыз – Сәйфи Құдашқа көп алғыс, мың да бір рахмет айтамын!, – дейді Қ.Мұхамедханов өз естелігінде. 

Абай Құнанбайұлының 10 тамыз туған күніне орай елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана «Абай – дана, Абай – дара» атты поэтикалық музыкалық марафон  өткізуді жоспарлап отыр.  Іс-шараның мақсаты – Абайдың рухани құндылықтарын, қазақтың ұлы ақынның өткені мен бүгінін бейнелейтін шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның сөздері ешқашан өлмейтін ұрпақтарына қалдырған мұра ретінде халық жадында қалады.

Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы – Абай» және «Ғасырлар үндестігіндегі рухани мұра» иллюстрациялық-кітап көрмелері, «Abai поэмалары. Өлеңдері мен аудармалары. Қара сөздер. Әндері» және «Абай-челлендж» кітаптарының тұсаукесері, Ұлы Абайдың өлеңдерін және әндерін оқу, «Құнанбай» кино көрсетілімі, «Абай ұлттың рухани гиппократы» атты дөңгелек үстел, «Абай бейнесі суреткерлер көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылады.

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here