Қара түн кебінмен қапталды тағы да,
Орналды өмірсіз тыныштық.
Алатау, ала бір кеуіммен дос болдың,
Ажарың еліме ұмыт боп.
Мен болсам ұйқылы, хайуани сезімді пайдалы еншіме асырып,
Жасадым манифест жаным мен тәніме
Тәңірге етпей бір асылық.

Ойға алып қаласың, білемін кей кезде
Бейсана орамал таққанды.
Сананы жіберіп сан саққа,
санасыз,
Қияли ғапылда жатқан бір.
Ерікке еркіндік беретін уақытың көп болса, Азекем, дейді ғой:
Бос уақыт деген сөз – кезекті игі істің әлі бір басталмай жатқаны.

Айнадан көргенім сай болса санаға
P.S: Ақылы нұрлы адам.
Баба Арудж десе де дайынмын сол үшін
Өлген соң Барбарос ‘болуға
Бәлкім бұл соңғы күн…
Бәлкім бір Нашитат көңілді кейіппен тұр қарап,
Йа, Раббым, Рушдиге  Памуктай ‘жауапты қайтарар берші бір күн маған.

=====

Эстетті аскеттің
антагонисті қып,
Әспеттеп өскендер
Көркем тыс,
Ши басын,
Дориан іспеттес іздейді тұлғасын.
Танып дүр тұлғасын,
Тіксініп тұрмасын,
Бұрмасын жанарын,
Истиғфар қылмасын
сезеді,
Ыстық боп
лаулаған тамұқтың
Мәңгілік иесі қасында тұрғасын.
Әдемі кейіпті
күн болып,
Сәулеңді шашпасаң… бәріне!
Өмірдің мәні не?-
-дейсіздер…
Әрине, дұрыс та шығар бұл?..
Сіздегі ақыл жоқ,
Ақымақ шығармын.
Дегенмен тыңдаңыз.
Тыңдаңыз, естіңіз.
Кемелдік кілтіне бәріміз құштармыз.
Тартуға құмар боп,
Көңілдің жетегін
Күнмін деп қара ойық болғаннан мезіміз.
Тахира іспеттес
Қамардай саф сұлу,
Әлидей жандарға тиерін сезіңіз
Сезіңіз.
Өзіңіз.

Ысқақ Азат


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here