Жылаған ата үңгірі туралы

поэмма

Қара таудың басында үңгір қалған,

Бақыт дарып, сол жерге қыдыр қонған.

Сәуле шашып маңына су келеді,

Өзегіңді қытықтап ғұмырлы – арман…

Шыңдарына ол жердің қыран қонған,

Ой санада өткен күн мұнарланған.

Гүрзіханның дәуірі ед, мыңды айдаған

Пенде жаны ғайыпқа құмар болған…

Дәурені өтіп Гүрзіхан қартаяды,

Несібесі күн санап ортаяды…

Дәулетіне иелік етер кім бар

Кім біледі қай бір күні жантаяды?!.

Бәйбішесі – Шаш Ана, шуақты ана,

Тәңірінен бір күні сұрап бала…

Төбесіне бір таудың көтерілді,

Тілек айтып Құдайға жылап мана;

«Ей, құдайым – сен маған бірдеңе бер,

Жанымды нұрға бөлер, күнге бөлер!

Қолымдағы барыма ие болсын

Керек емес үлде мен бүлде деген?!»….

Жалбарынып шал айтты;

бірдеңе бер

Үмітім саған артқан гүлдене бер!

Не тілесең бұл тәңір соны беред

Үндемеген дұрыс ау, үндемеген…

Бес уақыт намазын қаза етпеген,

Мұсылмандық төзді олар сынаққа да.

Шапағатшыл Алланың құдіреті ме,

Жүкті болды бәйбіше

бірақ, бала

Бір күндері туылды месіменен,

Құпияны жасырайын несіне мен?!.

Сол бір түні бір аян берді қызыр

Шаш анаға;

қойма деп месіңе ден –

Мына сәби Алланың аманаты,

Жасалмасын адамның қиянаты!.

Месті жарып шыққанша көтеріп жүр,

Келгенінше туылар салтанаты!.

Осыдан соң өтеді күндер жылжып,

Кеш қарайып, төбеден түндер мүлгіп.

Гүрзіхан мен Шаш – ана көп жүреді,

Үміт кеміп, іштегі арман жүнжіп…

Бір өзеннің маңына келді екеуі,

Осыған дейін тәңірге сенді екеуі…

Ет сүйектен жаралған, тас емес ед

Белгілі ғой жаралған пенде екені…

Шаш айтады;

қашанғы масыл қылам,

Кәрі есектей ортайған жасым мынау…

Арқа-белім сыздайды, аяқ талып

Қыдыр әлде бостан бос шатылды ма?!.

Осы мезет мес кетті қолдан құлап,

Арман деген шынымен жанған шырақ…

Айналасын сәулеге бөлеп сәби,

Тауға қарай бет алды ұшып құрақ…

Гүрзіхан мен Шаш ана шарқұрады,

Көз алдында бір сәуле жарқырады…

Тоқта балам, тоқташы ата анаңды,

Аясаңшы, күштері сарқылады!…

Тоқта – балам қызығым, қуанышым

Қанбады ғой, әкеңнің жан құмары

Қолды аяққа тұрмаған сәби жалғыз,

Тауға қарай ұмтылып, талпынады..

«Тас құдықтың» қасында тұрды бала,

Кенет бері дидарын бұрды бала.

Қолындағы таяғын жерге тастап,

Екеуіне ашты бір сырды бала…

Ата – анасын шөлдеді дедіме екен,

Жақпар тасты таяқпен ұрды бала…

Ойылған тас құдыққа айналды да,

Шығарды сыртқа қарай суды мана.

Екеуі жақын келді баласына,

Қайырылып бір қарар деп анасына.

Сәби болса сол күйі құлдыраңдап,

Ұмтылды биік үңгір сағасына….

Тау басына асығыс ырғатады,

Ата – анаға былай деп тіл қатады;

Әкетайым, анашым, паналарым

Шешімімен келісіп бағалағың!…

Сендер өткен әр ізді пейішті етем,

Арғы дүние болады сағаларым…

Соңдарыңа бұрылмай жүре бергің,

Мен сендерді сол жақтан табаламын..

Дегенді естіп жылады қос қария,

Қайырылмасын білгенде балаларын…

Жоқ, жоқ үміт сөнсін бе оңайымен,

Күдік барда табысты ол талайымен…

Есеккөлдің маңында көңіл қыймай,

Кері қарап, тастардың бауырайымен,,,

Төрден төмен лықсыған су ағады

Сол атаның болдыма ол жылағаны?!..

Гүрілімен бұлақтың бір құдіретпен

Тау мен тастың маңайы нұрланады….

Содан бері мінекей мың жыл болды,

Біздер үшін ол жерде бір сыр қалды…

Жылаған ата аталған сол үңгірде

Кімдер қалып, бүгінде кімдер барды….

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here