Туған жерін түлетіп, өскен өлкесін дамытуға үлес қосқан кәсіпкерлер, еріктілер, қоғамдық ұйымдар бірнеше номинация бойынша сый-сияпатқа ие болды. Оның ішінде «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке» және «Ерен ерлігі» номинациялары бар. Бұған қоса әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға да арнайы сыйақы табысталды. Бұл азаматтық қоғам институттарының жұмысын жетілдіруге, маңызды жобаларды жүзеге асыруға үлкен қолдау. Байқауға бас-аяғы 120 өтініш түскен.  Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі: – Меценаттық, қайырымдылық және өзгеге қамқор болу біздің ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Оның әлі күнге дейін жалғасын тауып келе жатқаны қуантады. Осы саладағы азаматтарды ынталандыру мақсатында «Жомарт жүрек» байқауы ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар табысталып жатыр.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/360985-elordada-zhomart-zh-rek-baj-auyny-laureattary-marapattaldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here