Желтоқсан.

Тәуелсіздік күнін шығарып салып.

Шырша тігіп, Аяз атаны ортаға алып

Мәз боп жүрміз оттарды жағып.

 

Малай болдық алдамшы заманға

Сенбей жүрміз қасымыздағы адамға.

Көкейдегі сөзін айта алмай

Жастар қарсы шыққанда боданға

Күнім түсер деп кім ойлады жемқор наданға.

 

Осы біздер барамыз қай жаққа

Елді қаңғыртып, отанды сатып.

Даланы елсіз ғып,

Асығып бөтен аймаққа?!!

 

Жалауды көтеріп, айқайлап ұранды

Ант ішіп ұстап құранды.

Ашыққандарды өтірікпенен асырап

Өзіміз ішпеген ақпен қайтарып жыланды.

 

Желтоқсан.

Ақырып теңдік сұраған

Кешегі айбынды ұлдарың қайда?!!

Дүниені тітіренткен дауысың неге шықпайды еркін

Күтесің білем өзіңе ұмтылған елдің сертін.

 

Желтоқсан.

Жаурап тұрып

Ұнатам ызғырық таңыңды.

Қаңтар шалыңа бізден сәлем

Күндерге боран, дауылды.

                      19.12.2018

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here