Жүрегіңде қалған соңғы жапырақ,

Үзілді ма, бүгін көздің жасымен?

Сезіміңе тастайтындай топырақ,

Көңіліңе дақ түстіма расымен?

 

Сағыныштың кешіп жүрсің өзенін,

Қол созасың жағадағы бақытқа.

Білем, жаным, өртеніп жүр өзегің,

Сабыр сақтап, салшы бәрін уақытқа.

 

Құлазысын, жаның мейлі, зарықсын,

Үмітіңнің үзіп жүрме тамырын.

Махаббатың жылу іздеп тарықсын,

Сарқылмасын жаным мүлде сабырың.

 

Сезінбейсің енді жүрек қағысын,

Сені ештеңе таң қалдыра алмайды.

Аласұрып кесек етің сағынсын,

Одан қайта үміт оты жанбайды.

 

Бұл сынаққа еңсең түсіп езілме,

Ғашықтықтың азабы көп бағынан.

Адал болып, шын сүюдің өзі де,

Келе бермес көп адамның қолынан…


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here