Мен – Шеруші, қарапайым адалмын,
Танымаған кей адамға қамалмын.
Батылдығым тағы да бар абайла,
Батыр болдым, елім үшін жан алдым.
Мен- Шеруші мейірімді нəзікпін,
Басқалардан ерлігімен озықпын.
Салмақты да, салихалы бабам бар,
Бақыт, Төлек, Саңырау,Құрман,
Ұзынмылтық, Ожықпын .
Менің батыр сабырлы да жүрегім,
Қарапайым адам болып жүремін.
Ешқашанда ашуланып көрмедім,
Ашулансам сыр бермеймін, күлемін.
Пендемін мен, қателігім бар шығар,
Бірақ күліп, тамаша өмір сүремін.
Сыр жасырып көрмегенмін, ашықпын,
Асқақтаған арманыма асықтым.
Ақынмын да, шешен əрі жыршымын,
Өнерімді тасқын судай тасыттым.
Мен – Шеруші, он төрт Бақат Ақтаймын,
Сеніміңді ақтар десең ақтаймын.
Ерлігімді мақтан етіп айтпаймын,
Жауың тұр деп атқан оқтан саспаймын.
Мен – Шеруші, ер көңілді Төлекпін,
Бауырмалмын, мейірімді бөлекпін.
Елім үшін көз жасымды көл еттім,
Мен сияқты бола алады демек кім.
Мен – Шеруші, батыл, шыншыл, Құрманмын,
Келмес менің бос əншейін бұлданғым.
Жерім үшін жанымды да қиғанмын,
Намыс үшін қару алып тұрғанмын.
Мен – Шеруші, Сағыраумын, алуанмын.
Жаңбыр болып нөсерленіп жауғанмын.
Толағайдай тау көтерер ерлерім,
Əбдіхажы Бақыт сынды балуанмын.
Мен – Шеруші Ұзынмылтық шешенмін,
Ақыл айтар данышпанмын, көсеммін.
Қанымда бар қасқыр тектес қайратым,
Кетпейтінін ойлаймын тек есемнің.
Мен – Шеруші кенжесімін Ожықпын.
Жау дегенде елеңдеппін, қозыппын.
Жауырыны жерге тимес Бекбаймын,
Бекбайымдай болмас сенің ең мықтың.
Үш ойғырға табан тіреп биледім,
Міндім күмбез түр- түрлерін күйменің.
Қылаң батыр мойындатып қалмақты,
Найзаменен іле келіп түйредім.
Мен – Шеруші Байтайлақпын, батырмын,
Момын деме, айдаһармын, батылмын.
Жекпе-жекке сексен рет мен шығып,
Оңтүстікті қорғап əлі жатырмын.
Мен – Шеруші Байтайлақпын, ақтабан,
Ерлігімді бүкіл қазақ мақтаған.
Сексен рет жекпе-жекке шығып мен,
Аякөз бен Керекуді сақтағам.
Мен – Шеруші, жазушымын, ақынмын,
Өшпейтінін жақсы білем атымның.
Хан Абылай: « Байтайлағым хас батыр» –
Деген екен, «Сарыарқаның батыры».


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here