Біз неге осы асығамыз,
Маңызы бар сəттерде?!
Құтымызды қашырамыз,
Жамандық жазып дәптерге!
Соңынан барып, ах ұрамыз
Өкініш артып өткенге!
Арзандау жаққа бас ұрамыз,
Қымбатқа сəл-пəл жеткенде!
Біз осы нені жасырамыз,
Жамылып алып бет перде?!
Айламызды асырамыз,
Қуыстанып көп жерде!
Рас ау,іштей ашынамыз,
Өтірік күліп, жай ғана
Қайғыны көрсек тосыламыз,
Басынан бəрын ойлана!
Біз өзі нені жасырамыз,
Ақталдық, іштей тапталдық?!
Үйреніптік қой осыған біз,
Белгісіздіктен жасқандық!

 

Сен мен үшін кім едің,
Кім едің оны білмедім?!
Сен түгіл мынау фәниден,
Өзімді ылғи іздедім!

Білмедім, шыным білмедім,
Кім боларын, кімге – кім?
Сеземін жалғыз, қимастық
Аяусыз жанды тілгенін!

Білемін болмас арманды
Армандап босқа жүргенім!
Білемін əрбір көктемнің
Күтумен жүрем гүлдерін!

Білемін əр – бір қоңыр күз,
Құстардың салып іздерін!
Сағыныш сыйлап кетеді,
Десең де маған біргеміз,
Білмедім, қалқам білмедім
Кім екенін,кімге кім?!

 

Бұл билікке не болды,
Талғаны кім болды?!
Ынсап кетті пейілден
Тонамаған кім қалды?!
Өзім өзім дегенде
Өзегінен зəр тамды,
Қазағыңды не етпексің
Əзірлеп ап балтаңды?!
Құныққаның қиын боп,
Қимай жүрсің талтанды!,
Үрейленіп отырсын,
Кім қағар деп қалтанды!,
Халық нөпір, халық зор,
Кеңге салма арқаңдды!
Ақиқатқа басыңды іи
Салдырлатпай қалқанды!
Құтырды ма немене,
Бұл биліктен ес кетті,
Сұрағанын бер елдің
Болды, қазақ ескертті!

 

Қазақ жері сатылмасын ешкімге
Айтарым бар құлақ болса естірге
Отанымның əр белінде кие бар
Отанымның қасиетін кеш білме

Тарт қолыңды қосып қойған түгің жоқ
Түсінбесең тарихыма үңіл кеп
Жер ана үшін қанша жандар қиылып
Біле жүргей қанша білек түрілмек

Сатылмайды қазақ жері ешкімге
Мен айтайын құлақ болса естірге
Ол бабамның арманынан жаралған
Ол бақыты алашымның бес күнде

 

Мен сені көп іздедім жер бетінен
Адалдықтың ақ шаңқай келбетінен
Кім біледі сен қасымнан өтіп жүрдің
Бақытыңды табам деп өз бетіңмен

Ал мен болсам сезімді от деп білдім
Отқа күймей махаббат жоқ деп білдім
Күндер өтті,ай өтті, жылдар өтті
Қалғанында білмеймін есте кімнің?

Ең соңында сен тұрдың қарсы алдымда
Таптың мені,əлемге жар салдың ба?
Кешіктің бе, əлде мен Кешіктім бе?
Татымапты еңбегім жан салуға?

Басқа біреу қасыңда күлімдеді
Үмітім нен айырды бүгін мені
Сен екеусің, мен жалғыз тұрдым үнсіз
Осылай алдап соқты ғұмыр мені?

 

Айтатын болсам егер жаным бəрін,
Түсіну саған қиын жанымдағын!..
Өзіме өз əлемім жақын сынды,
Мен оны жатсынбастан қабылдадым..
Алдау мен арбауы көп бұл ғаламда,
Адалдық болғандықтан- табынғаным
Адамды кектемедім, кешірдім сан
Адамға өмірімде жағынбадым…
Бетіме мақтап жатса кейбіреулер
Есіріп,есім шығып қағынбадым…
Өзімнің əлеміме еніп алып,
Барлығын махаббатпен қабылдадым!.
Пенделер аяғымнан шалып жатса
Мүжіліп,үгітіліп, шағылмадым!..
Бұл шыным, күннен күнге қиын болды
Қол жетпес бір ‘нәрсені’ сағынғаным
?

 

Қайғының түбі терең шыға алмайсың,
Өзге түгіл,өзіңді ұға алмайсың!
Жаныңның қалағанын таба алмайсың,
Еш нәрседен алданыш ала алмайсың!

Сондықтан үміттеніп əр-нəрседен
Бағдарыңды тек өзіңше бағамдайсың
Өмір деген өзіңді жұбатумен
Алдау екен, ұнайды саған қайссы? !

Рас ойым, шыңыраудың түбіндегі

Мүсін боп қатып қалып бүлінбеді

Біреулер мынау кім деп, таңырқаса

Біреулер көрем деп жүр бүгін мені.

Кім едім, көп ақынның бірімін мен,

Асып та тұрғаным жоқ біліміммен

Орақ тіл, өткір ақын жетіп жатыр

Қасиетті Семейдің түбірінен

Ақ арман жетелейді бүгін мені

Жақсылықтан көңілім түңілмеді

Бал ойым, пәк қиялым, махаббатым

Құлағыма жыр болып күбірледі.

Мінгестік сол бір жырдың кемесіне

Ұмтылдым биік шыңның төбесіне

Өмірден осындай бір ақын өткен

Деп ертең, аларсың деп сен есіңе!

 


Notice: compact(): Undefined variable: limits in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

Notice: compact(): Undefined variable: groupby in /var/www/vhosts/blog.madeniportal.kz/httpdocs/wp-includes/class-wp-comment-query.php on line 853

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Please enter your comment!
Please enter your name here